500 млн теңге жымқырды: Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министріне қатысты жаңа деректер пайда болды
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгені жымқырды деп күдікке алынды. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы Жанат Қалдыбекұлы Элиманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты. Соттың мақұлдауымен ол қамауға алынды, тергеу жалғасуда", - деді Жанат Елиманов.
Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев тамыз айының басында ұсталған болатын.
Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып 2018 жылы тағайындалды. Ол цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоластындағы қызметкердің ұсталуы туралы түсінік берді. Оның айтуынша, шенеунік қызметінен кету туралы өтінішті өткен аптада берген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"