50-ге жуық қазақстандық үш күннен бері Өзбекстан шекарасынан елге өте алмай отыр
50-ге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасынан Қазақстанға өте алмай отыр. Үш күн қатарынан шекарада қалған олар президенттен көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандықтар үш күннен бері Дәуіт ата – Тажен шекарасында қалып кеткен.
"Ақшамыз, тамағымыз бен суымыз таусылып барады. Ұйықтайтын жеріміз жоқ. Кімге жүгінерімізді білмейміз. Қазақстан мен Өзбекстан елшілігіне хабарластық, бірақ ешкім көмектесе алмайды", - дейді адамдар.
Айтуларынша, ыстық пен шаршағанның әсерінен балалардың дене қызуы көтерілуде. Шарасы таусылғандар президенттен видео арқылы көмек сұрады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды