Египет билігі акулалардың шабуылынан кейін бірнеше жағажайды жапты
Египет билігі Қызыл теңіз жағалауындағы бірнеше жағажайды жапты. Бұған акулалар шабуылынан екі туристтің мерт болуы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Египеттегі Қызыл теңіз провинциясының губернаторы, генерал-майор Амр Ханафи Хургада ауданында акула шабуылынан екі әйел мерт болған соң кей жағажайларды жабу туралы шешім қабылдады.
Қоршаған орта министрлігінің мәліметіне сәйкес, шабуылдың мән-жайын мен себебін зерттеу үшін арнайы комитет құрылған.
Айта кетейік, бұған дейін Хургада қаласында туристке акула шабуыл жасаған еді. Жыртқыш балық әйелдің қолын мен аяғын тістеп тастаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды