Египетте курортта жүрген әйелдің аяғы мен қолын акула тістеп алған
Австриялық туристті Египеттің Хургада курортында акула тістеп алған. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы Бас консулдығы мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Сахл Хашиш ауданында болған.
"Турист Сахл Хашиш аймағында акуладан зардап шекті, акула оның қолы мен аяғын тістеп алған", – деді дипмиссияда.
Куәгерлердің түсірген кадрларында жапа шеккен әйелдің жағалауға қарай жүзуге тырысқаны көрінеді. Оның айналасындағы су қызғылт түске боялған.
Турист ауруханаға түскен, алайда кейінірек агенттіктің дереккөзі әйелдің жарақаттан қайтыс болғанын хабарлады.
Сахл Хашиш ауданынан Макади Бей шығанағына дейін болған жағдайға байланысты үш күн бойы шомылуға, суға түсуге, балық аулауға және сноубордингке тыйым салынды.
Тағы бір мәліметтерге қайтыс болған Австрия азаматшасының 68 жаста болғаны айтылды. Ол мысырлық азаматқа тұрмысша шығып, онымен бірге осы елде тұрып жатқан.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"