5 жыл Coca-Cola ішкен жігіт миында ісік пайда болып, буындары істемей қалғанын айтты
Әлеуметтік желіде 5 жыл бойы үздіксіз кока-кола ішкен жігіт оның зияын айтып, өзгелерге ішпеуге кеңес береді.
Дерте шалдыққан жігіт өзінің 5 жыл Кока-кола сусынын шығаратын зауытта істегенін айтып өтті. Өзінің айтуынша, сол уақыттарда коланы күнделікті таңғы, түскі уақыттарда ішіп жүрген. Осыдан соң тістері ойылып қалады. Оны коланың салдарынан екенін ескермеген жігіттің миында ісік те пайда болған. Дәрігерлер оның жазылуын екіталай деп жорамалдаған. Жігіттің сүйек буындары да істен шығып, соңы артроз дертіне айналған. Видеодан жігіттің балдаққа сүйеніп тұрғанын да байқауға болады.
Сусынның қалай жасалатынынан хабардар жігіт оның өте зиян екенін, тіпті тәттілігінен адамды қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін екенін ескертеді.
Науқас жігіт өзінің қателігін өзгелер қайталамаса деген ниетпен басындағы жағдайды айтып берді.
Жіберіп алмаңыз:
Адамның жүзіндегі 5 белгі оған қандай дәрумен жетіспейтінін айғақтайды
Тырнағыңызға қарап денсаулығыңызда қандай кінәрат барын білуге болады