Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 рет алдап кетті, тіпті қол көтеретін": Алматылық қыз азаматтық некедегі күйеуі қарызға батырып, тастап кеткенін айтты

Желіде алматылық ару азаматтық некедегі күйеуінің алдап, қарызға батырып, тастап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Қыздың сөзінше, жігіті алматыдан Астанаға бірге тұрамыз деп алып келген. 

"Осы жігіт үшін Алматыдағы дайын жұмысымды тастап Астанаға келгенмін. Екеуміз пәтер жалдап 4 ай бірге тұрдық. Төрт ай бойы сол жігіттің тамағын жасап, кірін жуып әйелі болғанмын. Енді пәтер ақысын төлеу уақыты жақындағанда заттарын жинап кетіп қалыпты. Мені қарызға кіргізіп кетті. Бұл қалада ешкімді танымаймын, ештеңеге қолым бармай тұр. Не істейтінімді білмеймін, бесінші рет алдап тұр. Полицияға хабарласайын десем, не деп айтамын оларға", – дейді қыз.

Сондай-ақ алматылық арудың айтуынша, азаматтық некедегі жолдасы қарызға ақша алып, ештеңе қалдырмай, тастап кеткен. 

“Алматыда жүргенде 4 рет тастап кеткен. Менен 300 мың теңге қарызға алып, ештеңе қалдырмай, бүкіл затын жинап Ресейге кетіп қалыпты. Жаңа хабарлама жазып жіберіпті: “мені кешір, Ресейге шұғыл кетуім керек болды” деп. Соңғы 4,5 жылдың ішінде осылай жасады. Бір келеді, бір кетеді. Кетуге алдын ала дайындалған. Жұмыстан келсем үйде менің ғана киімдерім тұр, өзінің затының бірін қалдырмай кетіп қалыпты”, – деді алматылық қыз. 

Алматылық қыздың сөзінше, азаматтық некедегі күйеуінің тіпті қол көтерген кездері де болған екен. Қиындыққа тап болған алматылық, қыздарды мұндай жігіттерге сенбеуге шақырды. 

Талқылау