Қазақстандық блогер Instagram-дағы 5 млн оқырманы бар парақшасы бұғатталғаны үшін шу шығарды
Жақында Instagram әлеуметтік желісінде Super.mamаsita лақап атымен танымал болған Әлия Байтугаеваның 5 миллиондық парақшасы бұғатталған. Бұл жағдай шымбайына қатты батқан болуы керек, блогердің өзі әлеуметтік желісінде басына түскен қиындықтарын айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, Әлия Байтугаеваның парақшасын Instagram әкімшілігі әлеуметтік желі ережелерін бұзғаны үшін бұғаттаған. Атап айтқанда, балалар контентін сториске салғаны үшін Instagram блогер парақшасын зорлық-зомбылықты, қылмыстық іс әрекетті насихаттау құралы деп санаған.
"Бұл өте әділетсіз. Instagram әртүрлі контентті, соның ішінде сексуалдық сипаттағы фото, видеоларды өшірмейді. Алайда сен түсірген балаларға қатысты видео, әзіл видеоларды салсаң, өшіреді, бұғаттайды. Бұл бірінші рет орын алып тұрған жағдай емес. Енді оны қашан ашатынын да білмеймін. Себебі соңғы рет аккаунтымды бұғаттағанда, ол ұзақ уақыттан соң ашылған", - дейді Әлия Байтугаева парақшасы енді ғана бұғатталған кезде.
Арада бірнеше уақыт өткен соң блогер Instagram өз аккаунтын қайта қалыпқа келмейтінін білген. Содан бастап блогер өзін нашар сезінген.
- "Қазақтар үйінде зомби өсіріп жатыр": Танымал вайнер Мөлдір Анарбаева бала тәрбиесі, арасында "шықпыртып" алатыны туралы
- Қазақстандық танымал блогер көпшілік жылдап жинай алмайтын ақшаны 45 секундта табады
"Күні бойы үйде төсекте жаттым, тұра алмадым. Өзімді өте нашар сезініп жатырмын. Қатты стресстен үрей мен күйзеліске тап болдым. Мұның не екенін осы уақытқа дейін білмеген екенмін. Мұндай кезде адам өзінің жүрегінің дүрсілін құлағында естиді. Тынысың тарылып, қазір өліп қалатындай сезім пайда болады. Ауа жетіспей, жедел жәрдем шақырттым. Сенесіздер ме, мені төсекке жатқыза алмай қойды. Тап қазір өліп кететіндей сезімді бастан өткердім. Жедел жәрдем қызметкерлері мені мәжбүрлеп жатқызды", - дейді ол жаңалықты естіген алғашқы күндерде.
Көңілі жабырқаған Әлия көзіне жас алып, қаншалықты қиналып тұрғанын, бұл жағдайдың өзі үшін ауыр екенін жеткізді.
"Аккаунтымды қайтарып бермейтін болды. Осыған 5 жыл уақытымды сарп еттім. Маған парақшамды қайтарым бермейді, мұны қабылдай алар емеспін. Бұған сенбей тұрмын", - дейді ол.
Айтуынша, өміріне қара бұлт төнгендей болған. Блогер тіпті әлдебір қасы не жауы өзіне дуа оқытқан шығар деген болжамы бар екенін жасырмады.
"Қазір болып жатқан жағдай маған, денсаулығыма, психикама қатты әсер етіп жатыр. Күнде аккаунтыңның дамуы үшін жұмыс істеп жүру дегеннің не екенін түсінбейтін шығарсыздар. Бір күнде 35-40 сторис түсіріп, аудиторияға қызық болу үшін бәрін істейсің. Фото түсіріп, дайындаласың. Бұл жерде ақша туралы айтып тұрған жоқпын. Қанша қаражат жұмсалғанын айтуға да қорқамын. Ақшаны қойшы, бұл менің жеке блогым еді. Бұған жанымды салдым. Блогымды көп адам оқитын, олар маған энергия беретін. Ал қаржылық жағдайға келсек, бәрі жаман емес. Мәселе менің блогымда. Қанша шығармашылық, күш қуатымды арнадым, өзегім содан өртенеді. Адамдармен қарым-қатынас жасау маған ұнайтын. Оларға пайдалы ақпаратпен бөлісу ләззат әкелетін. Ал қазір басқалардың басу айтқаны маған әсер етпейді. Себебі бұл жай ғана блог емес", - дейді ол видеосында.