42500 теңге жәрдемақыны алуға ақылы түрде көмектеспек болған Шымкент тұрғыны ұсталды
1 сәуірде белгісіз біреу WhatsApp ақпараттық желісінде 42500 теңге жәрдемақыны тағайындауға көмектесетіні туралы ақпарат таратты.

Шымкент қаласының тұрғындары арасында азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға көмектесу қызметі туралы хабарлама таратылды, бұл үшін ЖСН, ЭЦҚ, ЖК атауы, тұрғылықты мекен-жайы, карта мәліметтері туралы ақпарат беруді талап етті.
Бұл факт қылмыстық қудалау органымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция қызметкерлеріне ізін суытпай жеткізілді.
Шымкент ҚІІБ тергеу басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады