42500 теңге: Еңбек министрлігі екінші айдағы төлем ережесін айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға екінші ай үшін 42500 теңге төлеу ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілген еді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай - 16 наурыз бен 15 сәуір аралығын қамтиды. Төтенше жағдай бойынша екінші ай ретінде - 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралық есептеледі.
"Осыған байланысты 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42500 теңге төлеміне екінші айда үміткер бола алады", - делінген хабарламада.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген