Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"40 жылдан бері сасып тұр": Алматылықтар улы иіс шығатын "Асыл арман" тұрғын үй маңындағы картон зауытын жабуды талап етті

Әлеуметтік желіде Ақжол Бабахан есімді қоғам белсендісі Алматы облысы Қарасай ауданында картон өндіретін зауыттан жағымсыз иіс шығып жатқанын жазды. Оның айтуынша, "Асыл арман" кешенің тұрғындары мыңға жуық қол жинап, әкімдікке шағымданған. Алайда баспана салынғаннан бері бұл маңайдағы мүңкіген иіс азаматтарға қолайсыздық тудырып келе жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан скриншот жасалған

Ақжол Бабаханның сөзінше, ауданға қарасты экология департаменті көлшіктен шыққан жағымсыз иісті қалыпты жағдай деген.

"Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС), Қарасай ауданы экология департаменті "Картон зауытынан" шыққан иісті қалыпты жағдай деп отыр. Жергілікті халық 1 күнде петицияға өтініш беріп, 1000 қол жинап үлгердік. Достар, көмек керек. Картон зауытынан адам төзгісіз иіс шығады. Шенеуніктердің өзі газға қарсы құрылғысыз 1 сағат тұрып көрсін. "Kagaz Resiling" ЖШС адамдарды улауды тоқтатыңдар", – деп жазды қоғам белсендісі.

Петиция мәтінінде халық ТОО "Kagazy recycling" шығаратын “улы иіске қарсы” Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, өмір ең жоғары құндылық болып жарияланған және осыған байланысты өмір сүру құқығы, адамның өмірін ерікті түрде айыруға тыйым салудан басқа, мемлекет тарапынан қалыпты, толыққанды және лайық өмірді қамтамасыз ететін құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жасау кіреді. БҰҰ өмірден айыруды іс-әрекеттен немесе әрекетсіздіктен туындаған денсаулыққа қасақана немесе болжамды және алдын алуға болатын зиян немесе зақым ретінде анықтады.

“Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің (ЭӘМҚХП) 6-бабы. Мемлекет өзі үшін келесі жағдайларды бағалау үшін екі бөліктен тұратын тестті түсініп, құрастыруы керек:

  1. Билік жеке тұлғаның немесе топтың өміріне нақты қауіп төндіретін жағдайдың бар екенін білді ме немесе білуі керек пе?
  2. Осындай қауіптің алдын алу үшін олардың өкілеттіктері шеңберінде қажет шаралар қабылданды ма? Бұл – өте маңызды түсінік. Өйткені бұл мемлекеттің өмір сүру құқығын бұзатын әрекеттерді орындауы жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғауға кедергі келтіруді ерікті өлтіру деп санауға болады.

Тұрғындардың сөзінше, картон фабрикасы өндіріс процесінде қоршаған ортаға әртүрлі химиялық элементтер мен қосылыстарды 5 ашық шұңқырға шығарады. Соның салдарынан Алматыдағы Наурызбай ауданының және Қарасай ауданының тұрғындарына улы иіс тарап жатыр.

Петицияға қазір 338 тұрғын ресми қол қойған.

Ал "Kagazy Recycling" ЖШС ресми өкілі зауыттан мүлдем иіс шықпайтынын айтып, пікір білдірді.

“Зауыттан ешқандай иіс шықпайды. Себебі “Алма сити” тұрғындары да 2 жыл бұрын дәл осылай шағымданған. Қазір олар мүлдем иіс жоқ екенін айтады. Иіс қайдан және неден шығып жатқанын білмейміз. Бұл маңайда бұрын тауық зауыты болған. Мүмкін иіс содан тарап жатқан шығар. Ал қол жинап жатқан адамдарға еш пікір айта алмаймыз. Өйткені бұл жерде жағымсыз иіс барын білсе де, көшіп келді. Біздің зауыттың салынғанына 25 жылға жуықтады, ал “Асыл арман” тұрғын үй алабына небәрі 4 жылдай уақыт болып қалды. Дәл қазір зауытқа келіп, иіс шығып тұр ма, жоқ па көруге болады”, – деп жауап берді зауыттың баспасөз қызметі.

Видео астындағы желі қолданушыларының пікіре екіге жарылды. Бірі сол тұрғын үй алабына көшіп барған адамдардың өзі кінәлі десе, енді бірі сасық иісті иіскеуден шаршағанын айтты.

"Үйлер мен пәтерлерді сатып алмас бұрын қайда баратыңды біліп алу керек. Өздері лас жерден сатып алады, содан кейін шу көтереді", "Мен өзім осы зауытта жұмыс істеймін, "Асыл Арманда" тұрамын. Зауытқа бұл иістің түк қатысы жоқ. Керісінше, Абай ауылында "септик" сасып жатыр", "Бұл зауыт осы жаңа ғимараттардан әлдеқайда ерте салынған", "Сатып алған кезде сасып тұратын еді. Бәрі 80% үйді біліп, сатып алды", "Неліктен иіс кешке ғана шығады? Күндіз бәрі жақсы", "Тауық зауытынан бастап, кейінгі 40 жылдан бері сасып тұр", "Зауыт жабылып, кінәлілер жауапқа тартылсын", – деді пікір жазушылар.

@akzhol_pravoved

ТОО Kagazy ТРАВЯТ НАРОД KZ. Помогите подпишите петицию. https://epetition.kz/petition/6c55f3a8-3ad4-43bb-b3e3-a1fead3dfe1e?commentPage=0

♬ оригинальный звук - Бабахан
Талқылау