"4 қызым бар": Серік Сәпиев отбасында қандай әке екенін айтты
Спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарған Серік Сәпиев 2020 жылы декреттік демалысқа шыққан. Көпшілік оның алаңнан кетуін орынбасарларының парамен ұсталуымен байланыстырды. Шын мәнінде, Сәпиев отбасылық жағдайға байланысты демалысқа шыққан болып шықты. Бұл туралы Сәпиев Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың қараша айында әкемді жерледік. Соған байланысты 4 ай декреттік демалыста болдым", – деді Сәпиев.
Серіктің анасы бүгінде Қарағандыда, ал спортшының өзі отбасымен Нұр-Сұлтанда тұрады. Сәпиевтің отбасы жайлы ақпарат жоқтың қасы. Боксшы осы сұхбатында 4 қыздың әкесі екенін растады. Ол өзінің қандай әке екенін айтты.
"Қатал әке емеспін. Белгілі бір жағдайда қатал болу керектігін сезсем, дауыс көтеремін, ескерту жасаймын", – деді ол.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"