"4 қабатты үйіңді Тоқаевқа тапсырдым": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың үйін сататынын мәлімдеді
Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің үйін сатуға шығаратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөз
Халық әртісі жеке парақшасында марқұмның үйін сатуға шығаратынын айтып, кейін жазбаны өшіріп тастады.
“Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпесе, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек сіздің үйіңізді сақтау үшін. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген, Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Менің жылағым келеді, шаршадым, Зәке. Осы үйді Тоқаевқа беремін. 4 қабатты үйдің орнына екі қабатты үй берсін маған", – деп жылады өнер иесі.
-
"50 миллион теңге төлейді": Мақпал Жүнісова өзіне күйе жаққандарды аямайтынын айтты
-
"Екі ай бұрын жоспарлап қойдық": Мақпал Жүнісова су тасқыны кезінде концерт беріп, сынға қалды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, халық әртісін жұбатты. Бірі мемлекеттік мұражайға өткізуге болады деп кеңес берді.
“Әйел заты болғасын жылап, ішіндегісін тарқатып жатыр”, “Осы үйдің коммуналдық жүйесін төлеу үшін тойға шығады екен”, “Мемлекеттің қарауына өткізіңіз”, “Апамыз ішіп алған сияқты”, “Біресе қызын айтады, біресе үйін айтады” деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің кітабына бірінші отбасы не үшін енбегенін түсіндірген еді.
@qazaq_orkeniet ♬ оригинальный звук - Қазақ өркениеті парақшасы