Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"39 жасында балалы болды": Дильназ Ахмадиеваның анасы бірнеше рет ЭКО жасатқан қызына қолдау білдірді

Бірнеше рет ЭКО жасатып, тұңғышын дүниеге әкелген әнші Дильназ Ахмадиеваның анасы қызының қалай қиналғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Өнер иесінің анасы, Ризвангүл Әшімова Jibek Joly арнасына берген сұхбатында немересінің қалай дүниеге келгенін есіне алды. 

“Дильназ бала күнінен ерекше болды. Осы күнге дейін оған кеңес айтып, ақыл берген емеспіз. Бәрін өзі ғана шешіп келе жатыр. Тұрмысқа кеш шықты. Сол үшін де бала сүюі қиындап кетті. Оған өте көп емделу керек болды. Қиналды. Бірақ Құдайға шүкір, балалы болды. Алла берем десе, береді екен. Ақылымен қатар, шыдамды. Осы күнге шыдамының арқасында жетті. Менімен ақылдасса да, риза екенімді айтып отырамын. Бетінен қаққан емеспін. Қызымда жатырдан тыс жүктілік бола бергесін, ЭКО жасатуды ойлады. Мен тек қолдадым. Ол процедура өте ауыр екен. Ем алып жүргенде қатты қиналды. Зейдан (Дильназдың ұлы) дүниеге келгеннен кейін бәрін ұмытып кеттік. Жасы ұлғайып қалды деп қорқып едім. Ол 39 жасында босанды ғой", – деді әншінің анасы. 



Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева бала асырап алғысы келетінін жасырмады. Алайда анасы қызының өзі табиғи жолмен туғанын қалайтынын жасырмады. 

“Зейданның артынан тағы бір бала туғанын қалаймын. Баланы беретін – Құдай. Үміт үзбеу керек. Жасы да келіп қалды. Болашақта мені не күтіп тұр, оларды қалай асыраймын” деп қорықпаған жөн. Құдай бәрінің ризық-несібесін береді. Баланы туып аласың ба, асырап аласың ба, бәрінің несібесі жазылған. Қызыма да үнемі айтамын: “тағы бір балалы бол” деймін. Көп бала – көп қуаныш. Барлық қыз-келіншекке айтарым, бала туудан қашпау керек”, – дейді өнер иесінің анасы. 

Еске салайық, мемлекет басшысы еліміздегі демографиялық жағдайды реттеу үшін 2021 жылдан бастап ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті есеге дейін өсіруді тапсырған еді. 

Талқылау