"38 градусқа дейін аяз болады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 15-17 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Ауа райы болжамына сәйкес, арктикалық антициклонның әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде аяз болады. 15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көбіне жауын, кейде қар аралас жаңбыр жауып, жер көктайғақ болады. Сондай-ақ елімізде қарлы боран болжанды.
Батыста ауа температурасы түнде 12-30 градус, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін барады. 16 ақпанда ауа температурасы шығыста 18-35 градусқа дейін аяз болып, оңтүстікте 10-30 градус болады. 17 ақпанда күн райы оңтүстік-шығыста 15-28 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту