"35 отбасының екеуі ғана қазақ болды": Айқын Төлепберген балалық шағын есіне алды
Танымал әнші Айқын Төлепберген әкесі туралы айтып, балалық шағын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aikyn/
Өнер иесінің әкесі – танымал журналист, сатирик, әдебиет саласының маманы.
“Әкем – Нұртан Төлепбергенұлы. “Жетісу”, “Жас Алаш” газеттерінде жұмыс істеген. Қазір зейнет жасында, немерелерінің қасында отыр. Бәріміз бірге тұрамыз. Бірақ бос отырмай, балалар әдебиетіне үлес қосып жатыр. Балаларға арнап түрлі шығармалар жазып, кітап шығарып жүр. Әкемнің шығармашылыққа жақындығы маған дарыған. Тек әдебиет емес, музыка саласына үлес қосып келемін”, – деп бастады әңгімесін әнші.
-
"30 немере, 40 шөбере": Нұрлан Өнербаев анасының туған күніне әсерлі жазба жариялады
-
"Қадіріңді білдім бе?": Асқар Жүнісбековтің марқұм әкесіне арналған жазбасы көпшілікті жылатты
Сондай-ақ әнші әкесінің бала тәрбиесіне қатысты ұстанымдарын да айтып өтті.
"Біздің өмірімізде әкенің рөлі ерекше. Өйткені біз Алматының қақ ортасындағы Атакент ықшамауданында өстік. Бір тұрған тұрғын үйдегі 35 пәтердің ішінде 2 ғана отбасы қазақ болды. Қалған отбасының бәрі еврей, украин, орыс секілді өзге тілді болды. Көшеге шыққанда барлығы орысша сөйлесетін, ал әкеміз бізді қазақы тәрбиеге баулыды. Қазақша сөйлетті, үйретті, тәрбиеледі. Қазір де үйде біз соны ұстануға тырысамыз. Сыртта жүргенде бәрі орысша, ал үйге келгенде балаларыммен тек қазақша сөйлесемін. Әкем осындай бір іргетасын ұсынды деуге болады. Соны біз әкеден балаға мұра етіп, жалғастырамыз. Балаларымның бәрі қазақша сөйлейді", – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.
Айта кетейік, Айқын Төлепбергеннің бірінші некесінен екі баласы, екінші некесінен екі баласы бар.