Коронавирустың "Эрис" атты жаңа штаммы Қазақстанға келді
Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы тіркелді. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство басшысы республикада "Эрис" деп аталатын омикрон штамы тіркелгенін айтты.
“Қазір әлемдегі барлық ел мен аймақта омикронның жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутация пайда болады. Ай сайын ДДСҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді”, – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр атап өткендей, қазір 35 адам стационарлық ем қабылдап жатыр.
“Штамм қандай болса да, клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді, ауру кезеңі қысқарады, орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық емдеуде жатыр. Бұл - қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар", - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған