Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"300 мың АҚШ долларын бердім": Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалған сәтін еске алды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Timur Balymbetov арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша оқиға үш жыл бұрын болған. 

“Зейданға жүкті кезімде екі алаяққа алданып қалғанмын. Осы күнге дейін ол туралы айтпағанмын. Өйткені жұрттың мені аяғанын қаламадым. Тіпті, сол кезде өкінген де жоқпын. 300 мың АҚШ долларын алып кетті. Ең қызығы, оларды 20 жылдан бері танимын. Отбасымызбен араласамыз. Жағдай осындайға әкеліп тіреді. Бірігіп бизнес бастамақшы болып, мені инвестиция құюға көндірді. Сол кезде менің қолымда олардың сұраған ақшасы болмады. Содан мен несие алып, оларға ақшалай көмектестім. Кейін несие төледім. 7 жыл іргетасынан қалап, өз қолыммен тұрғызған кеңсемді саттым. Негізі, менің ешкімге “жоқ” дей алмауымның кесірінен болды. Адамдарға сеніп қаламын. Оларға көмектескім келіп тұрады”, – деп оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін айтып берді. 



Өнер иесінің айтуынша, заң алаяқтарға келгенде әлсіз болғанымен, түбінде ақиқат жеңіп, қазір қылмыскерлер жазасын өтеп жатқан көрінеді. 

“Қазір түрмеде жазасын алып жатыр. Бірақ қанша жыл отыратынын білмеймін. Маған дейін де бірнеше адамды алдап келген көрінеді. Көп жылдан бері алаяқтықпен айналысып жүрген тәжірибелі адам екен. Қазір ойлап отырсам, олар дәл менің психологиялық көңіл-күйім болмай жүрген тұста келіпті. Жалғыздықтан шаршап, өмірден баз кешкен кезім болған. Сол кезде олар маған көмектескісі келіп, осындай қадамға барған. Осы оқиғадан кейін адамдармен таңдап араласатын болдым. Сабақ болған оқиға”, – дейді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі әріптесі Мақпал Исабековамен араласпайтынын мойындаған еді. 

Талқылау