30 жылдық әлде 30-жылдық. Дұрысы қалай?
Қазақ тілінің емлесінде дефис қойылатын арнайы орындар бар. Бүгін сан есім мен туынды сын есімнің жасалу жолына тоқталамыз.

Көпшілігі жиі шатасып, қате жіберетін сөз тіркестері қатарында - жиырма жылдық, отыз жылдық, жүз жылдық тіркестерінің санмен келетін нұсқаларын айтуға болады. Мәселен, 100 жылдық, 50 жылдық және т.б. Көп жағдайда осы нұсқалардың екі сөз арасында дефис қойылумен жиі кездестіруге болады.
Сан есім мен тіркескен зат есімнен соң дефистің келуі оған -шы, -ші жұрнағының жалғанатынын білдіреді. Демек сөздің мән-мағынасы өзгеріп кетеді. Мәселен, 20-жылдық болса, жиырмасыншы жылдық дегенді білдіреді. Дұрысында, дефиссіз қолдану.
20-жылдық, 30-жылдық деп қолдану орыс тіліндегі ереже сәйкес қолданылып жүрген қателік.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен