3 шілде Жер бетіндегі ең ыстық күн болды – Сарапшылар
АҚШ-тың Ұлттық экологиялық болжау орталығы 3 шілде күні әлем бойынша ең жоғары орташа температура болғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың айтуынша, 3 шілдеде жердегі орташа температура Цельсий бойынша 17 градустан асып түсті. 1979 жылдан бері мұндай көрсеткіш болған жоқ. Өте жоғары температура болуының себебі – Эль-Ниньо. Бұл – Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің температурасының ауытқуы.
Эль-Ниньо – бұл ең қуатты табиғи құбылыс, Тынық мұхитының экваторлық және оңтүстік бөлігіндегі су температурасының мезгіл-мезгіл көтерілуі. Бұл планетаның климатына әсер етеді. 2016 жылдың тамызында тіркелген бұрынғы рекорд 16,92 градус болды.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.