Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандағы АЭС салынатын жерден 250 шақырым қашықтықта 3 млн қазақстандық тұрып жатыр

3 миллион қазақстандық Өзбекстандағы атом электр станциясы салынуға таңдалған жерден небәрі 250 шақырым қашықтықта тұрып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Құрылыс алаңы Қазақстан шекарасынан 55 шақырым жерде орналасқан.

Өзбекстан-Қазақстан шекарасынан 55 шақырым жердегі Тұзқан көлінің маңындағы учаскеде атом электр станциясы салынып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеді.

Таңдалған құрылыс алаңынан 250 шақырым радиуста үш миллионнан астам қазақстандық тұрады. Олар – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.



27 мамырда Ресей мен Өзбекстан Өзбекстанның Джизах облысында ресейлік жоба бойынша алты реакторы бар атом электр станциясын салуды қарастыратын хаттамаға қол қойды. Құрылыстың бас мердігері "Росатом" компаниясы болады. Бірақ олар жұмысқа жергілікті компанияларды да тартуға уәде беріп отыр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін құжатқа қол қоюға қатысты пікір білдіріп, Қазақстанның бұл жобадан хабары жоқ екенін айтқан еді.

Еске салсақ, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесіне кеңінен тоқталған еді.

Талқылау