"3 айда мақсатқа жеттік": Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жұбайы қуанышты жаңалығын жариялады
Жастар арасына ерекше даусымен танылған зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың экс-жұбайы жақсы жаңалықты жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің бірінші некесінен Сабыр есімді ұлы бар.
“Бағдарлама жүргізушісі мен заңгердің арқасында сотта жеңіп шықтық. Ұлымның әкесіне қойған талаптары толығымен заң аясында жүзеге асады. Біз сотта жеңдік. 3 ай бойы жүгіргеніміздің нәтижесі шықты. Енді заң бойынша ол кісі алимент төлейді. Бұл – әке міндетін орындамайтын адамның барлығында болатын жағдай. Сондықтан ұят тірлік жасадым деп ойламаймын. Осы күнге дейін маған тілеулес болған жандарға мың алғыс”, – деп жазды Жәмила.
-
"Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған": Әнші ДНҚ тапсыруға бетін бүркеп, түрін тұмшалап келді
-
Бойжеткен ДНҚ сараптамасынан кейін өзінің екі жүз аға-әпкесі бар екенін білді
Еске салайық, бағдарлама барысында жұлдызды әке ДНҚ тапсырған еді. ДНҚ нәтижесі бойынша әнші мен кішкентай нәрестенің қан сәйкестігі – 99,97 пайыз. Алайда өнер иесі екінші рет Мөлдір есімді арумен шаңырақ көтеріп, бірінші отбасына оралмайтынын айтты.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты