Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3-4 ай араластық": Илья Ильин әнші Зарина Омаровамен махаббат хикаясының болғанын растады

Танымал спорт жұлдызы, ауыр атлет Илья Ильин алғашқы махаббаты туралы “Алғашқы” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Спортшының айтуынша, эстрада жұлдызы Зарина Омароваға ғашық болған көрінеді. 

“Зарина – менің алғашқы махаббатым. Біз екеуміз пойызда таныстық. Бір топ спортшымен кетіп бара жатқанбыз, жаспыз, бәріміздің жалындап тұрған кезіміз. Заринаның нөмірін алып үлгердім, сөйтіп екі жаққа кеттік. Досыма "Мына қыз маған ұнап қалған сияқты" дедім. Ол жарқырап тұрған жұлдыз ғой. Танымал әнші. Бірер күннен кейін оған телефон соқтым. Жағдайын сұрадым, кездесуге шақырдым. Ол келісіп, кездесуге келді. Солай басталды бәрі. Оның жеке көлігі болатын. Менің баратын жерім – жаттығу залы, жатақхана. Үш-төрт ай араластық қой деймін. Ол жауапсыз махаббат болды. Менің алғашқы ғашығым болған соң қатты уайымдадым. Кейін күресуден пайда таппасымды біліп, өз жөніме кеттім", – деп жан сырын ақтарды спортшы. 



Ауыр атлеттің сөзін өнер иесі де растады. Ғашықтардың екіге кетуінің де себебін түсіндірді. 

“Он жеті жасында ол өзінің командасымен пойызбен бірінші рет Алматыға келе жатқан екен. Мен де сол вагонмен гастрольдік сапардан қайтқан едім. Телефондарымызды алмасып, кейін кездестік. Біздің махаббатымыз ұзаққа созылмады. Өйткені сол кездері жасы кіші жігітпен қарым-қатынас құру дұрыс емес деп есептелетін. Ильяның өзі маған "сен менің алғашқы махаббатымсың" деп ашығын айтты. Кейін мен одан алшақтай бастағанда "Осыдан қарап тұр, мені әлі теледидардан көресің, чемпион боламын" деп айтып кеткен", – деді өнер иесі. 

Еске салайық, ауыр атлет екінші рет әке атанғанын сүйіншілеген едік. 

Талқылау