29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халықтың жадында мәңгі қалады", – деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылыстары орын алды. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"