Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"27 қабатты үйде бір ғана отбасы тұрады": Нұрболхан Шарапов үнді актеры Шахрук Ханның үйіне барды

Танымал актер, әзілкеш Нұрболхан Шарапов Үндістандағы демалысының қалай өтіп жатқанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nnurbolkhann/

Әзілкеш оқырмандарына Үнді елінің тұрмыс-тіршілігін таныстырып жүр.

“Адам өртейтiн Варанасиға бара алмадық. Бiрақ, Шахрук Ханның үйiне бардық. Дәл сол күнi 26-қаңтар Республика күнiне тап болдық. Соңғы 3-4 күндi ГОА-дағы 5 жұлдызды қонақ үйде, жағажайда өткiздiк. Үндістанның үйлену тойына да кiрiп кеттiк. Ол туралы кейін айтып беремін. Лас қалаға келу сізге де нәсіп болсын!”, – деп жазды өнер иесі. 



Сонымен қатар, әзілкеш достарымен ең бай адамның үйіне де барған көрінеді. 

“Үндістанға келудегі басты мақсатымыз – Тәж-Махалды көру. Арнайы гид жалдап, тарихи орындарымен таныстық. Бізге ерекше әсер еткені Мумбай қаласы болды. Өнер адамы болғандықтан, Мумбай да киноиндустрияның отаны екен. Барлық өнер жұлдыздары осы қалаға келіп, жобаларға қатысады екен. Ең қызығы, Үндістандағы ең бай адамның үйiне бардық. 27 қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Не деген сұмдық?! Үйдің құны 2 млрд доллар теңге тұрады. Жақыннан көріп, видеоға түсіруге болмайды екен. Сыртынан тамашалап қайттық”, – дейді актер. 

Еске салайық, әзілкеш әріптесі Жахан Отарғалиевке қыз іздеймін деп сынға қалғанын жазған едік. 

 

 

Талқылау