Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістандық, үнділік және афроамерикалық азамат полицияның жиі тексерісін нәсілдік кемсітушілікке балап сотқа шағымданды

Пәкістандық, үнділік және афроамерикалық үш жапон тұрғыны нәсілдік кемсітушілікке ұшырағанын айтып, билікке қарсы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: reuters

Олардың айтуынша, полицейлер оларды сырт келбетіне қарап үнемі тоқтатып, сұрақ қоятын көрінеді. 

"Егер адам шетелдік болса, онда ол қылмыскер деген сөз емес", – деді шағым түсірушілердің бірі, пәкістандық жапон азаматы Сайед Заин.

Шағымданушылардың адвокаты Мотоки Танигутидің айтуынша, сот процесі дүйсенбі күні Токио аудандық сотына берілді. Ал талап арыз авторлары жауапкер ретінде Жапония үкіметі мен Токио облысы Айти префектурасының билігін таңдады.

Олар өтемақы ретінде үш миллион иен (20 мың доллар) талап етіп отыр. Сондай-ақ құқық қорғаушыларынан ағылшын тілінде "нәсілдік профильдеу" деп аталатын конституцияға қайшы тәжірибені тері түсіне, көз пішініне және ұқсас сыртқы ерекшелік белгілеріне негізделген адамға біржақты көзқараста қарайтынын мойындауды сұрайды.



Сайед Зейн Пәкістанда туып, бала кезінде Жапонияға көшіп келген. Ол жапон мектебін бітірген, жапон тілін ана тілі ретінде сөйлейді, жапон азаматтығы бар.

Сонымен бірге ол өмірінің 26 жылында оны полицейлер талай рет тоқтатып, тінтіп, тергеген. Себебі түрі жапондықтарға мүлде келмейді. 

Тағы бір шағым білдіруші Үндістан азаматы Мэтью Жапонияда жиырма жылдан бері тұрады. Осы уақыт ішінде ол полицияның 70 рет тоқтатып, тінтігенін айтты. Нәижесінде ол көшеге көп шықпайтын болған. 

“Бұрын әлеуметтік оқшауланудың не екенін білмейтінмін. Күн сайын жұмыстан кейін үйіме асығамын", – деді Мэтью.

Мэтью сияқты афроамерикалық Морис Жапонияда ресми тұрақты резидент мәртебесіне ие. Ол өзін полицейлер үнемі тоқтатып, жауап алатынын, визасының біткен-бітпегенін сұрайтынын айтты.

"Біз сотта жеңілсек те, адамдардың келесі ұрпақты құтқару үшін бірдеңе істегенін қалаймыз”, – деді Морис.

Өткен аптада Жапонияда жапон болу деген не деген пікірталас басталды. Оған Украина тумасының Жапония аруы байқауында жеңіске жетуі себеп болды. Кейбір жапониялықтар бұл жеңістен қоғамның ашықтық пен әртүрлілікке қарай бетбұрғанын байқаса, басқа бөлігі "Жапония аруы" тек жапониялық болуы керек дейді.

Жапониядағы АҚШ елшілігі азаматтарға 2021 жылы "нәсілдік профильдеу" тәжірибесі туралы ескерту жасаған.

"Елшілік жапон полициясының шетелдіктерді тоқтатып, тінтумен байланысты нәсілдік кемсітушілік туралы хабарламалар алды. Бірнеше адам ұсталды, жауап алынды және тінту жүргізілді", – деп жазды елшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда аниме студиясын өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілгені туралы жазған едік.

Талқылау