Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"259 миллион 616 мың теңге": Динара Сәтжанның бір күндік образы ел талқысына түсті

Белгілі журналист, продюсер, кәсіпкер Динара Сәтжанның бір күндік образын көпшілік қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/

Жансая Махабаева есімді блогер отандық медиа өкілінің брендтерінің бағасын білді.

“Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз? 
Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы – 700 мың теңге.
Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы – 228 мың теңге. 
Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы  – 263 мың теңге.
Белдігі The Row брендінен, бағасы – 275 мың теңге.
Қолғабы Fendi брендінен, бағасы – 350 мың теңге”, – деп жазды блогер.



Сондай-ақ әшекей бұйымдарындағы бір алқаның бағасы 100 миллион теңгеге жететінін жасырмады. 

“Ал енді ең қызық жері – әшекейлердің бағасына көшейік. Сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы – 70 миллион теңге. Алқасы да осы топтамадан, бағасы – 95 миллион теңге. 
Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі – 57 миллион теңге, ал екіншісі – 21 миллион теңге.
Сақинаның бағасы – 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі – 5 миллион 300 мың теңге. 
Сонымен барлығы – 259 миллион 616 мың теңге", – деді блогер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, журналистің образын талқылап жатыр. 

“Менің тілім келмейтін миллиондар екен”, “Кішкентай затқа 70 миллион теңге төлеп қалай ала салады?”, “Осылардың айлығы қалай жетеді?”, “*Үстінде қаншама адамның баспанасы жүр”, “Фотосессия үшін жалға алған болуы да мүмкін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Динара Сәтжан тарихқа қатысты отбасындағы құпияны бөліскен еді. 

 

Талқылау