Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"25 жылдан кейін бірге қыдырдық": Әсел Асқар әкесімен қарым-қатынасын бүкпесіз баяндап берді

Отандық шоу-бизнес өкілі, актриса Әсел Асқар әкесімен қарым-қатынасы қандай деңгейде екенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Айта кетейік, актриса 7 жасқа толғанда ата-анасы екі жаққа кеткен. Әкесі екінші рет шаңырақ көтеріп, бөлек тұрған. Әкесі мен қызы 25 жылдан кейін бірге тойға қатысты. 

“Уақыт өтіп жатыр. Ал сол сәттер дәл кеше болғандай есімде. Өйткені әкеммен бірге уақыт өткізу мен үшін ерекше сезім еді. Әкемнің досын немересімен құттықтауға келдік. Дәлірек айтсақ, тұсау кесер тойы. Маған да жұғысты болсын дедік. Бәрін көріп, "Бармысың бауырым" бағдарламасындағыдай құшақтастық. Анамды сұрап, сәлем айтты (әкемнің достары мен әйелдері анамды қатты жақсы көреді). Менің бала кезімдегі шалалықтарымды айтты”, – деп жазды киножұлдыз. 



Сонымен қатар актриса әкесіне ең қымбат бренд сыйлық сыйлап, әкесінің өмірде бар болғаны үшін алғыс айтты. 

“Әкем – ескіліктің адамы. Оған бренд аяқкиім сыйлағым келді. Алайда әкем шүберекке бола мол қаражат құртудың ақымақтық екенін айтты. Алайда мен ол кісіні көндірдім. Әкем жас әрі сымбатты көрінсе, керемет емес пе?! Сені жақсы көрем, әке! Бұл қуанышты сәт әкемнің есінде ұзақ уақытқа сақталады деп ойлаймын", – деген еді өнер иесі. 

Еске салайық, актриса әкесінің туған күніне соңғы үлгідегі телефон сыйлағанын жазған едік. 

 

Талқылау