24 жастағы ақтөбелік тұрғын жарты сағат ішінде үш қылмыс жасаған
24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны жарты сағат ішінде үш қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"6 тамызда, түстен кейін Әйтеке би көшесінде Ақтөбе қаласының тұрғыны 35 жастағы ақтөбеліктің бір қорап шылымын ұрлап кетті. Сосын сол маңайда жүрген 52 жастағы азаматтың iPhone 8 маркалы смартфонын зорлықпен тартып алып, жалпы көлемі 200 мың теңгеден астам шығын келтірген", - деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, күдікті зейнеткерден алтын сырғаларын тартып алуға тырысқан, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталады. Арада 15 минут уақыт өткен соң ол дәл сол көше бойында орналасқан кафенің кассасынан 13 мың теңгеге жуық ақша ұрлаған.
Полиция күдіктіні кафеде тұтқындады.
"Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады