"24 сағатта 46 миллион теңге": Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен күресіп жатқан жақынына жылу жинады
Желі жұлдызы, блогер Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен күресіп жатқан жақын адамына оқырмандарымен бірігіп, қаражат жинап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/stories/farizatoreali/
Блогердің айтуынша, оқырмандары бір аптада жиналатын соманы бір күнде жинап тастаған.
"Жақыным денсаулықпен сыналып жатыр. Жақын адамыңның бұндай хәлге түсуін көру жүрекке қатты батады. Диагнозы өте ауыр. Өзі – екі баланың анасы. Балалары анасын сағынып жүр. Операциясына 7 күнде 40 миллион теңге табу керек болып тұр", – деген еді блогер.
-
Маман қатерлі ісіктің алдын алатын ең пайдалы тағамдарды атады
-
Дәрігер пирамидалық шәй пакеттері қатерлі ісікке шалдықтыратынын айтты
24 сағатта 46 миллион теңге жинаған Фариза Төреәлі оқырмандарына алғыс айтты.
“Алла қалауымен сіз бен біз болып, көп жұмыс атқардық. Әрқашан тек пайдамыз тисе екен адамзатқа. Менің сөзім жоқ. Керемет аудиториям бар екеніне көзім жетті. Ойлағаннан да артық сома жиналды. Бірақ химия терапиясына да ақша керек. Сол үшін отаға қажет сомадан бөлек 6 миллион теңгені де аударамыз. Есебін түгел беремін”, – деді желі жұлдызы.
Фото: https://www.instagram.com/stories/farizatoreali/
Еске салайық, Фариза Төреәлі босанғаннан кейін қатерлі ісікке күдік бар екенін айтып, Түркияға ем алуға кеткен еді.