23 тамызда қауіпті астероид Жерге жақындайды
NASA-ның Жерге жақын объектілерді зерттеу орталығы 23 тамызда диаметрі 960 метрге жуық қауіпті астероид 6037 (1988 EG) Жерден шамамен 6 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нысан планетаға 23 тамызда Астана уақытымен сағат 14:18-де жақындайды. Бұған дейін аспан денесі мен Жер арасындағы ең аз қашықтық шамамен 6,1 миллион шақырымды құрайтыны айтылған еді. Потенциалды қауіпті объектілер – Жер орбитасын 7,5 миллион километрден аз қашықтықта кесіп өтеді.
Ғалымдар астероидтың диаметрін 430-дан 960 метрге дейін, жылдамдығы секундына 14,25 шақырымды құрайды деп бағалады. Ғалымдар нысан Жер орбитасын кесіп өткенімен планетамен соқтығыспайтынын айтты.
Бұған дейін ғалымдар 2046 жылы Жермен соқтығысуы мүмкін астероидты тапқан болатын.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"