Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"23 мың теңге алимент аламын": Элизат Берікова ажырасқан әйелдердің жан айқайын жеткізді

Күйеуімен дәм-тұзы жараспай, ажырасқандардың бірі - Элизат Берікова. Жолдасы көзіне шөп салғанымен, алғашқыда нақты шешімге келе алмаған КешYou-дің экс-әншісі көп ұзамай сотқа жүгінді. Бүгінде екі ұлына алимент алып отырғанын айтады. Алайда оның мөлшері бір балаға етік әперуге ғана жетеді, деп ашынады әнші. Элизат балаларын жалғыз асырап отырған аналардың жан айқайын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен қазір екі балаға алимент аламын, 23 мың теңге. Бұл не мазақ? 23 мың теңгеге екі балаға не әпересің? Бұл ақшаға бір балаға қыстық етік алуға болады. Сонда екінші бала жалаң аяқ жүре ме?" - деп ашынды Берікова. 

Өнерден біршама алыстап кеткен Элизат бүгінде сән салонының иесі. Бағына орай, алиментке күні қарап тұрған жоқ. Жүріп тұрған кәсібі, танымалдылығы тағы бар. Алайда Элизат елімізде көптеген келіншектердің жұмыс істемейтінін, ал ажырасқан жағдайда нансыз қалатынын айтып күйінді. 



"Менің күнім алиментке қарап тұрған жоқ. Бірақ жұмыс істемейтін келіншек болса ше? Ол екі баласын қалай бағады? Мен түсінбеймін. Ондай отбасылар бар ғой. Көбінесе әйелдері үйде отырады. Ал ертең ажырасқан жағдайда, оның бірден жұмыс табуы да қиын. Бізде барлық жерде тәжірибеге қарайды. Сонда ол әйел не істейді?" - деді Берікова. 

Талқылау