Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)
Ресейдегі бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жек өтуде. Оған қазақстандық боксшылар қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

81 келі салмақтағы жартылай финалда Бекзат Нұрдәулетов кубалық спортшы, Олимпиада чемпионы (2016) және әлемнің төрт дүркін чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017) Хулио Ла Крусбен шықты. Бекзат үшінші раундта қарсыластың тіссауытын қағып, төрешілердің жеке шешімімен Нұрдәулетов жеңіске жетті.
Бұған дейін Василий Левиттің осы бокс кешінде қарсыласынан жеңіліп қалғанын айтқан болатынбыз.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"