217 қазақстандық Бейжіңнен эвакуацияланды
Қытай астанасы Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты мәлімдеді.
«Бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ», - деді Біртанов.
Қазіргі таңда ҚХР-да 497 қазақстандық азамат жүр, олардың 337 студент. 12 ақпан күні тағы 145 азамат елге жеткізіледі. 343 азамат Қытайда қалуды жөн көрген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Қытайдағы отандастарымызды эвакуциялауға ұшақ жіберетіндігін айтылған болатын.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?