"Миллион рет иә": 2025 жылғы "Қазақ аруы" қалыңдық атанды
Фото: instagram.com/aqkerbezm/
"Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.
- "Ақкербез лайық болмауы мүмкін": Баян Мақсатқызы "Қазақ аруына" қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
- "Ақша төлеуің керек": Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынады
Еске салайық, Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы – "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылған еді.
Ал былтыр Алматыда өткен "Қазақ аруы – 2025" ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады