2024 жылдың алғашқы сауда күнінде доллар бағасы қымбаттады
2024 жылдың бірінші сауда күнінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,37 теңгеге көтеріліп, 457,06 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 желтоқсан – 3 қаңтардағы ресми бағамы долларға 454,56 теңгені құраған.
- 2024 жылы ақшаны қандай валютада сақтауға болмайды – Қаржы маманының кеңесі
- Елімізде такси жүргізушілерінің табысы қалай тексеріледі – Сарапшылар түсіндірді
Kurs.kz хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 457,65 теңгені, сату 460,31 теңгені құрап отыр. Ал Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,82 теңгеден сатып алынып, 459,17 теңгеден сатылуда.
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
