2023 жылдың шілдесі адамзат тарихындағы ең ыстық ай болып белгіленді
2023 жылдың шілдесі адамзат тарихындағы ең ыстық ай болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратпен Лейпциг университетінің ғалымдары бөлісті. Лейпциг университетінің климатологы Карстен Хаустайн жүргізген талдау осы айдағы орташа жаһандық температураның өнеркәсіпке дейінгі деңгейден Цельсий бойынша 1,5 градусқа асқанын көрсетті.
Бұған дейінгі рекорд 2019 жылдың шілдесінде орнатылған болатын. Ол кезде ғаламдық орташа температура қазіргіден 0,2 градусқа төмен болды.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай өзгерістерге қазба отындарды жағу және адамзаттың басқа да әрекеттері себеп болған. Сонымен қатар, дүниежүзілік мұхит бетінің орташа температурасы да рекордтық ең жоғары болып белгіленді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"