Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылға арналған толық жұлдыз жорамал: келесі жыл кімдер үшін сәтті болмақ

Атақты астролог Павел Глоба жұлдыз белгілерінің әрқайсысы үшін 2021 жылға арналған егжей-тегжейлі жұлдыз жорамалды ұсынды. Сөзінше, 2021 жылы бірқатар жұлдыз белгілерін игіліктер күтіп тұр. Олар кімдер? Алда келе жатқан Металл - Бұқа жылында сізді не күтіп тұр? Бұл жыл кімге жағады?

2021 жылға арналған жалпы ұсыныстар

  • Астрологтың айтуынша, келе жатқан Бұқа жылы Арыстан, Тауешкі және Балықтар үшін сәтті болады. 
  • Сондай-ақ, Тоқты және Торпақтарға да бұл жыл қолайлы болады. 
  • Егіздер мен Бикештер үшін келесі жыл қарама-қайшылыққа, түрлі кедергілерге толы болады. 
  • Ал Суқұйғыштың ұзақ мерзімді жоспарлардан бас тартып, тағдыр қалауына көнгені дұрыс.

Павел Глобаның болжауынша, 2021 жыл бірқалыпты әрі тыныш болады, бірақ тағдырдың күтпеген жағдайлары орын алуы әбден мүмкін. Бұл өзін-өзі дамытуға, сонымен қатар, мансаптық жетістіктерге қолайлы уақыт. Өздерін тек жақсы жағынан көрсете білгендер жұмыста табысты болады.

13-ші белгі - Жылан баптаушы барлық жұлдыз белгілерінің жалпы болжамына айтарлықтай әсер етеді. Ол әсерлі, жігерлі сезім күйлерін сыйлады. Бұл жыл алдыңғы жыл сияқты күйзеліске толы болмайды, бірақ болашақ оқиғалардың белгілі бір негізін қалайды.

2021 жылға арналған денсаулық жұлдыз жорамалы

Металл - Бұқа ерекше күші мен табандылығымен ерекшеленетін жаратылыс болғанымен, барлығын да осы қасиеттерімен марапаттай алмайды. Денсаулық жағынан алдағы жыл өзгеріссіз болмайды, адамдар көбіне психологиялық тұрғыдан қиналуы мүмкін. Бірақ қуаныштысы жыл соңына дейін бәрі қалпына келе алады.

  • Тауешкі, Торпақ пен Тоқтылар өздерінің әл-ауқатына алаңдамауына болады. Бірақ бұл олардың әлсіз тұстары жоқ дегенді білдірмейді. Маусымдық аурулар, сондай-ақ, психологиялық дағдарыс немесе депрессияға ұшырауы әбден мүмкін. Міндетті түрде демалуды және ақылыңызды басқаруды үйренуіңіз керек. Бұл мәселеде медитация мен йога көмекке келеді. Кішкентайдан бастаңыз, біраз уақыттан кейін сіз өз уақытыңыз бен күшіңізді бекер жұмсамағаныңызды түсінесіз.
  • Су белгілері (Шаян, Сарышаян, Балықтар) көру мүшелері мен ас қорыту жүйесіне назар аударуы керек. Әсіресе, тістерге көңіл бөлу керек. Жұлдыздар бұл белгілерге сонымен қатар, биіктікке көтерілуден және жұмыс жасаудан аулақ болуға кеңес береді. Белгілі бір дәрежеде тәуекел етуге тура келеді.
  • 2021 жылы Бикештер отпен жұмыс істегенде абай болу керек. Күйіп қалу қаупі бар. Отшашудан, от жағудан аулақ болыңыз, тіпті газ оттығы қауіпті болуы мүмкін.
  • Ауа белгілері (Егіздер, Таразы және Суқұйғыш) үшін жыл мұрын-жұтқыншақ қиындықтарымен басталады. Созылмалы аурулар қозуы мүмкін. Сол себепті ауа-райына сай киінгеніңіз дұрыс болар.
  • Арыстан мен Мергендер үшін жыл күйзеліс пен мазасыздыққа толы болады. Жүйке бұзылуының ықтималдығы жоғары. Сондықтан дауларға, жанжалдарға араласпағаныңыз немесе әріптестеріңіз бен таныстарыңыз туралы өсек таратудан аулақ болғаныңыз жөн. Осылайша ішкі үйлесімділікті сақтап, жүйкенің сыр беруінен сақтанасыз.

2021 жылға арналған қаржылық жұлдыз жорамалы

Металл бұқа 2021 жылы әркімнің ісіне байланысты сый жасайды. Көп еңбектенгендер, жұмысының жемісін жесе, ал жалқаулық танытқандар айтарлықтай марапатқа ие болмайды. Оңай олжа табуды, оңай байлыққа кенелуді көздеудің қажеті жоқ, өйткені жыл белгісі әділ және бейтарап. Сәттілік сіздің жақын серігіңіз болса ғана тәуекел етіңіз. Басқа жағдайларда ақырын жүріп, анық басқаныңыз жөн. 

Кез келген жағдайда мұқият ойланып барып, шешім қабылдаңыз. Өз жұмысыңызға, кәсібіңізге байыппен қараңыз және алда сіз міндетті түрде тұрақты дамуды көресіз.

2021 жылға арналған махаббат жұлдыз жорамалы

Жеке өміріңізде ерекше өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Жалпы алғанда, жаңа маңызды қарым-қатынасты бастауға, үйлену тойын өткізуге немесе балалардың дүниеге келуіне жыл өте қолайлы болады. Металл-Бұқа басшылығымен кез-келген жауапты әрі ойланған шешімдер сәтті болады.

Ақ бұқа романтикалық жануарлар қатарына жатпайды, сондықтан романтикалық кездесулер немесе терезе астындағы серенадаларды күтпей-ақ коюыңызға болады. Бір-екі жылдан астам уақыт бірге болған жұптарды айтпағанда, ұшқалақ ғашық жандардың өзі кенеттен байыпты қарым-қатынасты бастау туралы ойланады.

Жалпы жағдай 2021 жыл ғашық болуға оңтайлы жыл емес екендігін көрсетеді. Бірінші орында жұмыс міндеттері мен отбасы, содан кейін ғана кездесулер мен махаббат құру тұрады. Уақытты өткінші сезімдерге жұмсамай, байыпты қарым-қатынасқа назар аударған дұрыс. Бұған қоса, кез келген адам өмірлік серік рөліне сай бола бермейтінін ескерген жөн.

Жұлдыз белгілерінің әрқайсысы үшін 2021 Ақ Бұқа жылына арналған жұлдыз жорамал

Тоқты

Бұл белгі өкілдері үшін Ақ Металл - Бұқа жылы жемісті болады. Ойлап жүрген арман-мақсаттары орындалады. Жағдай сізге түзетулер енгізуге мүмкіндік беріп тұрғанда, болашақты жоспарлауға қорықпаңыз.

Қыс мезгілінің соңында туыстар мен ғашықтардың арасындағы қарым-қатынас шиеленісуі мүмкін. Мұның себебі - бірлескен болашақ туралы келіспеушіліктердің болуы. Ымыраға келу жолын іздеген дұрыс болар.

Көктем мезгілі Тоқтылар өміріне тыныштық пен ынтымақтастық әкеледі. Бірақ еңбектенуді ұмытпаңыз, Металл - Бұқа әркімнің өзінің жасағанына байланысты сый жасайды.

Күз мезгілі Тоқтыларды болашағы мен мансабы туралы ойлануға шақырады. Не қалайтыныңызды шешіп, мақсатыңызға жетуге ұмтылыңыз.

Жаз мезгілі сіз үшін өте қолайлы болады, бірақ солай екен деп босаңсудың қажеті жоқ.

Торпақ

Торпақтар үшін 2021 жыл өмірдегі оңай кезеңдердің бірі болмайды. Жұлдыз белгілерінің барлық өкілдері демалып, өздерінің өмірлік күш-қуатын толықтырғылары келеді, өкінішке орай, мұндай мүмкіндік келер жылы берілмейді.

Жылдың басы даулы болады. Алда үлкен күтпеген шығындар күтіп тұр. Негізгі қиындықтар қаржы саласымен байланысты, сондай-ақ, жұмыста да қиындықтар туындауы мүмкін.

Көктемнің басталуымен өмір жеңілдейді. Әсіресе, жеке өміріңізде жақсы жаңалық орын алады. Жалғызбасты жұлдыз белгілерінің өкілдері өмірлік серігін табады, ал ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста жүргендер жаңа деңгейге көшуге шешім қабылдайды. Егер үйлену туралы шешім қабылдамаса, онда бірге өмір сүре бастайды.

Жаздың басталуы зиянды әдеттері бар адамдар үшін, атап айтқанда, темекі шегушілер үшін өте қауіпті. Сіз өзіңізді тепсе темір үзетін адамға теңесеңіз де, өкпеңізді емдетуге үлкен көлемдегі қаражат төлеуге мәжбүр боласыз. Ал дәрігерге қаралу үшін қанша уақыт кезекте тұруыңыз, тек сіздің сәттілігіңізге байланысты болады.

Күз айлары жұмыс мәселелерімен айналысуға қолайлы болады. Осы кезеңде сіз еш қорқынышсыз ұзақ іссапарларға баруға және келіссөздер жүргізуге қатыса аласыз. Жеке кәсіппен айналысатын Торпақтар серіктестік қатынастарын кеңейте алады.

Егіздер

Егіздер үшін 2021 жыл мөлдір әрі шынайы махаббатқа толы болады. Біздің әлемде әлі де шынайы сүйетін адамдармен қарым-қатынаста болудың қандай екенін білу бақытына ие боласыз.

Еңбекқорлығыңызға байланысты жылдың басы сәтті болады. Ауылшаруашылық және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер ерекше жетістікке жетеді. Жұмыс бабымен келіссөздер де сәтті болады. Осы уақытты тиімді пайдаланыңыз, өйткені ол біз үйренгендей 1 қаңтарда емес, 12 ақпанда басталады.

Көктем мезгілі қарбалас болады, бірақ үй шаруасы жағымды жұмысқа айналмақ. Үй-жайыңызды қалыпқа келтіруі қажеттілігі туындайды. Көп уақытыңыз балаларға қараумен кетеді, оларды әртүрлі үйірмелерге немесе секцияларға апарып, мұқият көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Жаз мезгілінде Егіздер өз жалқаулығының салдарына тап болады. Ескі тапсырмаларды орындайтын кез келді. Барлық назарыңыз жұмысқа бағытталады, сондықтан демалысты теңіз жағасында өткіземін деп ойламаңыз. Барлығы демалып жатқанда, сіз жыл белгісі ретінде көп жұмыс істейтін боласыз.

Күз мезгілі Егіздер үшін жалпы әл-ауқаттың төмендеуіне және күйзелуге байланысты ауыр кезең болады. Психоэмоционалды жағдайыңызға да қауіп төнеді. Жағымсыз энергия жиналуын барынша азайту жолдарын іздеңіз, спорт пен медитация бұл. үшін тиімді болмақ.

Суық түсе салысымен көптеген Егіздер өз қалауларының ерекше еліктіретінін сезінеді. Оған мойынсұнбаңыз, жыл белгісі сіздің төзімділігіңіз бен шыдамдылығыңызды тексереді.

Шаян

2021 жылы Шаяндар өмір сүру салтын, жұмысын, қоршаған ортасын, тіпті киім киісін түбегейлі өзгерткісі келеді. Мұның себебі - ұзаққа созылған күйзеліс. Бұл - кеудеден бір тас түсіргендей, эмоционалды ауыртпашылықтан арылудың және жеңілдетудің бір түрі.

Жылдың басы сәтті болады, әсіресе, жеке өміріңіздегі өзгерістер оң болады. Қайғы мен қатты ойға берілуге уақыт болмайды, сондықтан қыс мезгілі қызықсыз және біртектес болады деп алаңдамаңыз. Ең болмағанда 12 ақпаннан бастап өмір жаңа арнаға енеді.

Көктем мезгілінің соңы барлық Шаяндарды жеке өміріндегі мәселелерді шешумен қуантады. Кейбіреулері тіпті үйлену туралы шешім қабылдайды, бірақ абай болыңыз, себебі бұл қадам өз пайдасы үшін жасалуы әбден мүмкін.

Жаз мезгілі жылуымен қуантады, бірақ, өкінішке орай, өзен немесе теңіз жағасында демалуға уақыт болмайды. Жақындарыңызбен және әріптестеріңізбен қарым-қатынасты реттеумен айналысасыз. Өз уақытыңызды пайдасыз ұрыс-керіске текке кетіріп алмаңыз.

Суық түсе салысымен өмір Шаяндардан маңызды шешімдер қабылдап, дұрыс әрекеттер жасауды талап етеді. Барлық бастамаларыңыз сәтті аяқталады деп айту қиын, бірақ егер сіз жеткілікті табандылық көрсетіп, мәртебелік қатынас туралы ұмытпасаңыз, бәрі ойдағыдай болады.

Желтоқсан айының соңы мен қаңтардың басы сіздің қаржылық жағдайыңызды елеулі түрде төмендетеді. Көптеген шығындар сіз үшін қол жетімсіз болады. Өз мүмкіндіктеріңізді әрдайым айқын бағалаңыз.

Арыстан

Арыстандар үшін 2021 жыл өмірдегі ең сәтті жылдардың бірі болады. Сәттілік сіздің серігіңізге айналмақ. Астролог сізге барлық жаңа істерді бастауға, өз-өзіңізді жетілдіруге, өзіңізді және өмірдегі үйлесімділікті іздеуге кеңес береді.

Жылдың басы әбігерлі, бірақ өте қызықты болады. Ең бастысы, Металл - Бұқа тек 12 ақпаннан бастап өз күшіне енетінін ұмытпаңыз, сол уақытқа дейін алдыңғы 2020 жылға арналған жұлдыз жорамалды басшылыққа алғаныңыз дұрыс.

Көктем басында жеке өміріңізде қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ бір-екі айдан кейін жағдайды қалыпқа болады. Ең бастысы, үзілді-кесілді қарсы болмай, серіктесіңізді мұқият тыңдауға тырысыңыз.

Жаз мезгілі Арыстандарға көптен күткен демалыс пен тынығуды сыйлайды. Жұлдыз белгілері ерекше бақытты өкілдері қосымша демалысқа ие болады, сонымен қатар, еңбектенгені үшін лайықты сыйақы алады.

Қыркүйек айында сізге айтылған жағымсыз ескертулерді естисіз. Бірақ алаңдамаңыз, бұл - қызғаншақ адамдардың айла-амалдары.

Желтоқсан айы қаржылық тұрақтылығымен ерекшеленбейді, сіздің шығындарыңыз кірістеріңізден асып түседі. Бюджетті жоспарлауды үйреніңіз және шамаңыз келгенше қарызданбағаныңыз жөн.

Бикеш

2021 жыл Бикештерге бас айналдыратын көтерілу мен күтпеген құлдыраудың қызықты уақыты болады деп болжайды Павел Глоба. Қандай да бір себептермен Металл - Бұқа сізге қатысты өз принциптерін өзгертуді шешеді және тұрақты әрі тыныш уақыттың басталуына ешқандай ықпал етпейді.

Жылдың басы шиеленісті болады. Көбіне әріптестердің жасаған істеріне және басшылықпен түсінісу қиындықтарына байланысты. Егер сіз дағдарыстан шығып, байланыс орната алсаңыз, бәрі тез шешіледі.

Көктемнің ортасына қарай жағдай жақсара бастайды. Тіпті қысқа үзіліс жасап, демала аласыз. Осы мүмкіндікті барынша пайдаланыңыз, өйткені алда болатын оқиғалар сізді барлық ішкі күштеріңізді жұмылдыруға мәжбүр етеді.

Тамыз айында жұлдыздар Бикештерге сақ болуға кеңес береді. Созылмалы аурулардың өршу және денсаулықтың нашарлау қаупі бар. Экстремалды спорт пен ашық оттан аулақ болыңыз.

Күз мезгілі отбасылық қарым-қатынастарда бейбітшілік орнатуға ықпал етеді. Жан жарыңыз бен балаларыңызбен келісім орнатуға болады. Бірақ бәрі осымен аяқталады деп ойламаңыз. Сізді әлі көп жұмыс күтіп тұр.

Жыл соңы сізге қарсы жасалған айлалардың жаңа толқынымен күрделене түседі. Өзіңізге деген осындай қызғаныш сезімін қалай тудырғаныңыз туралы ойланғаныңыз жөн.

Таразы

Таразылар үшін 2021 жыл қолдау көрсетеді. Туындаған мәселелеріңізді шеше аласыз және қаржылық жағдайыңызды тұрақтандырасыз. Алайда жеке өмір мәселесінде сәттілік күтпеңіз, бәрі тек сіздің ниетіңіз бен әрекеттеріңізге байланысты болады.

Ақпан айының соңынан бастап Таразылар олардың өмірі түбегейлі өзгергендігін сезіне бастайды. Егер бұрын жүзеге асапай жүрген істеріңіз болса, енді бәрі ойдағыдай жүреді.

Көктем мезгілі театр мен кино, кескіндеме, музыка немесе мүсіндеу саласымен байланысты Таразыларға шабыт пен шығармашылық серпіліс береді. Сәуір-мамыр айларында барлық Таразылар үшін энергияның керемет өсуі басталады.

Жазда отбасылы жұлдыз белгілерінің өкілдері қайтадан жан-жарына деген сүйіспеншілігін сезінеді. Қарым-қатынастарыңыз жақсарады, екінші бал айы басталуы әбден мүмкін.

Күз айлары Таразылар үшін бірқалыпты өтеді, бірақ суық тигізіп алмас үшін денсаулығыңызды сақтау және нығайту туралы ойланғаныңыз жөн.

Желтоқсан айының басталуымен Павел Глоба сіздерге күтпеген қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береді. Бұл жақын адамдарыңызға Жаңа жылға сыйлық таратуға емес, кейінге қалдыруға келмейтін өзекті мәселелерді шешуге байланысты болады.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін алдағы жыл тыныш және тұрақты болады. Сіз біртектілікті ұнатпасаңыз да, бұл уақыт сіздің психологиялық жағдайыңызды ретке келтіруге және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға көмектеседі.

Қыс мезгілінде Сарышаяндар барлық бос уақыттарын жаңа бастамаларды үйренуге арнауы керек. Өмір өз біліміңізді жетілдіруге, сондай-ақ жаңа белестерді бағындыруға мәжбүр етеді.

Көктем мезгілі жұлдыз белгісінің көптеген өкілдерін көптен күткен демалыспен және жаңа әсерлерімен қуантады. Саяхатқа шығыңыз және жаңа жерлерді көруден қорықпаңыз.

Сыртта неғұрлым жылы болса, соғұрлым серіктесіңізбен қарым-қатынасыңызға құмарлық оралады. Дау-дамайдан жалыққандар үшін бұл кезең жан тыныштығын әкелмек.

Қараша айына дейін өмірде ешқандай өзгеріс болмайды деп күтілуде. Бірақ сіздің туған күніңіз неғұрлым жақын болған сайын, өзгеріс болу мүмкіндігі соғұрлым күшейе түседі.

Желтоқсан айы әріптестеріңізбен қарым-қатынасты тұрақтандыруға көмектеседі, көптеген дауларды шешуге болады. Бірақ қаржы жағдайында бәрі сіз қалағандай тұрақты болмайды.

Мерген

Мергендер үшін 2021 жыл нәтижелі жұмыспен, сондай-ақ, эмоционалды өрлеумен ерекшеленеді. Ұзақ уақытқа созылған күйзелістен шығып, жағдайды өз қолыңызға алатын кез келді. Өмірдің әділетсіздігін айтып, шағымдануды қойыңыз, сіз бәріне өзіңіз қол жеткізе аласыз.

Қаңтар, ақпан айлары жақындармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Есіңізде болсын, қаңтарда Металл - Бұқа өзінің күшіне әлі енбейді, сондықтан түбегейлі өзгерістер күтпегеніңіз жөн.

Көктем мезгілі өзіңізді дамытумен жасаған жұмысыңыздың ізсіз өтпегенін көрсетеді. Сіздің кәсіби міндеттеріңіз арта түскенімен, бір қуантатыны, олармен қатар сіздің айлық жалақыңыз да өседі.

Жаз айлары тұрғын үй мәселесін шешумен қатар, демалу үшін қолайлы болады. Тыным таппай еңбек еткендерге жақсы демалыс қажет. Ақшаңызды өзіңізден үнемдемей, армандаған сапарыңызға баруға тырысыңыз.

Күз мезгілінде Мергендер денсаулығына ерекше назар аударуы керек. Тұмаудың алдын алу, сондай-ақ иммунитетті нығайту мақсатында дәрумендер ішіп, физикалық белсенділік туралы ұмытпаңыз.

Қыстың соңғы айлары жұмыста аздаған қиындықтар тудырады, бірақ Жаңа жылға дейін бәрі жақсы болады.

Тауешкі

Тауешкілер үшін 2021 жыл өте сәтті болады, сондықтан күтпеген қиындықтардан қорықпай, кез келген мәселені шешуге бел бууыңызға болады. Жыл белгісінің жақсы ниетін пайдаланыңыз, бірақ әркім өзінің еңбегіне қарай марапатталатынын және Металл - Бұқа жалқауларды мүлдем ұнатпайтынын ұмытпаңыз.

Қыстың аяғында бұл жұлдыз белгісінің өкілдері негізінен туыстарының немесе достарының көмегімен табатын қосымша табыстың арқасында өздерінің қаржылық жағдайын жақсарта алады.

Көктем мезгілі сізді жылулықпен және мансаптық жетістіктермен қуантады. Барлық шығармашылыққа бейім адамдар, дизайнерлер және мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстары жемісті болады.

Жазда Тауешкілер жаңа қарым-қатынастарға құмар болады. Жағымды танысу ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа айналып, бақытқа ұласуы әбден мүмкін. Барлығы, әдеттегідей, тек өзіңізге байланысты.

Суқұйғыш

Суқұйғыш үшін 2021 жыл даулы және қиын болады. Сізге тепе-теңдік, ымырашылдық іздеп, жақындарыңызға зиян тигізбеуге тырысу керек. Көп нәрсе сіздің адамдармен ортақ тіл таба алуыңызға байланысты.

Қыс соңында Суқұйғыштар қаржылық жағдайын жақсарта алады, бірақ берекелі уақыт ұзаққа созылмайды. Күтпеген шығындар бюджетіңізді тез арада қаржылық құлдырауға әкеледі.

Көктемнің соңы сіз үшін екі ұшты болып шығады, алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Әсіресе, аға буын өкілдері тез сенгіш болғандықтан, алдауға тез түседі.

Күз мезгілі өміріңізге басқа қырынан қарауға мәжбүр етеді. Бұл - жұмыс орнын немесе тұрғылықты мекеніңізді ауыстыру үшін қолайсыз уақыт. Дегенмен, іс-шаралар жоспарын құру тиімді болатыны сөзсіз.

Балықтар

Балықтар үшін 2021 жыл басқа жұлдыз белгілеріне қарағанда сәтті болады. Астрологтың айтуы бойынша, барлық айлар бірдей сәттілікке ие бола бермейді, бірақ желтоқсан айының соңына қарай сіз барлық жағынан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізесіз.

Қыстың ортасына дейін түбегейлі өзгерістерді күтпей-ақ коюыңызға болады, бірақ ақпан айының соңында оң өзгерістер орын алуы мүмкін.

Көктемнің басталуымен жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі және жеңілдік пен еркіндік сезімдері өміріңізге оралады.

Жаз мезгілінде ешкім жұмыс мәселесімен мазаламайтындай, толыққанды тынығудың жолын іздеңіз. Әйтпесе, күздің басына қарай суық тигізіп алу қаупі бар.

Жыл соңы Балықтарға барлық өзекті мәселелерді шешуге және қаржылық жағдайын нығайтуға көмектеседі. Жұмыста да оң өзгерістер күтіледі.

Талқылау