Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал Егіздер 

Алдағы жыл Егіздер үшін барлығын тепе-теңдікте ұстай алатын кезең болмақ. Бұл жылы өміріңіздің барлық саласын бірдей ұстап, табысқа қол жеткізе аласыз. 2020 жылы ғажайып болады немесе жағдайлардың өздігінен реттеледі деп үміттенудің қажеті жоқ. Десе де алдағы жылы жұлдыздар көп көмектесетін болады.

Бұл кезеңде алдыңызға дұрыс мақсат қоя білуіңіз, мақсатыңыздың мүмкіндіктеріңізге ғана емес, қажеттіліктеріңізге де сай болуы маңызды. 

Егер өткен жылы адамдармен қарым-қатынасқа аз түсіп, тек жұмысқа ден қойсаңыз, алдағы жылы өміріңізде достық, махаббат сыйлайтын адамдар пайда болады. Алайда олардың барлығына бірдей жүрегіңізге жол ашуға асықпаңыз. Сонымен қатар әрбіріне жіті мән беріңіз, себебі олардың арасынан өміріңізді өзгерте алатын жан міндетті түрде табылады. 

2020 жылы өміріңізде күтпеген саяхаттар, ақылға қонымсыз шешімдер болмайды. Бұл жылы әріптестеріңіз бен достарыңыздың кеңестерін тыңдамағаныңыз жөн. Себебі көп жағдайда олардікі дұрыс бола бермейді. 

2020 жылдың басы сәуір айының ортасына дейін Егіздер үшін оңай бола қоймайды. Қауіп-қатер, қиын жағдайлар күтілмейді, десе де бұл кезеңде айналаңыздағылардың сізден жасырған дүниелерінің көбін біле бастайсыз. 

2020 жылдың ортасына қарай, яғни сәуір мен маусым айларының аралығында жұлдыздар аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне сәттілік әкеледі. Бұл, әсіресе, қаржы саласына қатысты. Егер отбасын құруды ойға алған болсаңыз, аталған кезең махаббат үшін мінсіз. Ал жаз мезгілінің басы мен ортасы қомақты қаржы салымдары мен сатып алулар үшін қолайлы болады. Бұл уақытта Егіздерге жылжымайтын мүлік сатып алған жөн.  

Маусым айының екінші жартысы мен 2020 жылдың күзінің басы – Егіздер үшін өзін жетілдіруге қолайлы кезең. Бұл кезеңде жұмысындағы дәрежесін арттыра алады. 

Ал қыркүйек айының соңы мен желтоқсан айының соңына дейінгі уақыт Егіздер үшін жағымды жағдайларға толы болады. Жыл бойы күш-қуатыңызды сарп еткен істеріңіздің бәрі тәтті жемісін бере бастап, көптен күткен өзгерістер басталады.

2020 жылға арналған барлық белгілердің жұлдыз жорамалын мына жерден көріңіз

Талқылау