2020 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал

Stan.kz ақпарат агенттігі қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал ұсынады. 

жұлдыз жорамалКүздің бірінші айында көптеген қиындықтар болуы мүмкін. 6 қыркүйектен бастап белсенділік планетасы Марс Тоқты белгісіне тоқтап, ретроградтық қозғалыс фазасына екі айға – 10 қыркүйектен 14 қарашаға дейін көшуге дайындалады. Марстың стационарлығы барлық мәселелерде көрініс табады, жұмысты тежейді, көбінесе техника мен автокөлік бұзылады.

Марс адамның өнімді, белсенді болуын және өзін бағалауын анықтайды. Қыркүйек айында күреске, жеке қуатқа, қысымға, көшбасшылық қасиеттерге байланысты кез-келген әрекет айтарлықтай бәсеңдейді.

Өзіңіздің физикалық белсенділігіңізді, қызмет аясын қайта қараудың уақыты келді. Өйткені Марстың ретроградтығы жалқаулықтың пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан өзіңізге көңіл бөлуге, жауапкершілік арқалауға құлықсыз болуыңыз мүмкін. 

Тоқты
Шешім қабылдауда және жүзеге асыру барысында сіз күтпеген өзгерістер орын алады. Қыркүйек айында жаңа ештеңе бастамаған жөн. Оның орнына бұрыннан айналысып келе жатқан жобаларды нақты жоспарлап, түзетулр енгізген дұрыс. Тоқтыларда жаңа белестерден көрінуге мүмкіндік бар. Ол үшін әр қадамыңызды аңдап, жасап жатқан ісіңізге мұқят болыңыз. 

Өмірлік мақсаттарға жету жолдарын талдау үшін қолайлы кезең. Нәтижесінде барлық салаларда сапалы өзгеріс алуға болады. Сондай-ақ, осы кезеңде бұрынғы таныстар пайда болып, жеке немесе іскерлік қатынастар бойынша ұзақ мерзімді серіктеске айналуы мүмкін. 

Торпақ

Іскерлік қатынастар мен қарым-қатынастағы, жеке және әлеуметтік салалардағы проблемалар серіктестердің мүдделері мен идеяларын елемеуге байланысты туындайды. Кішігірім сәтсіздіктер мен қиындықтар, тіпті кішігірім шығындар болуы мүмкін. Ысырапшылықдық пен ақшаны ұқыпсыз жарату және ойын-сауық үшін шығындалудан іс насырға шауып кетуі мүмкін. 

Әлеуметтік белсенді адамдар санаға әсер ету қабілетін арттырады, шығармашылық энергияны, олардың мүдделері мен идеяларын бекіту үшін күресте белсенді болады. 

Егіздер

Табысты жұмыс істеп, дау-дамайды тиімді шешу үшін жағдайларға суық ақылмен қарау керек. Іскерлік және қаржылық мәселелерді шешу, сондай-ақ сақтандыру, қарыздар, алимент, мұра сынды дүниелермен айналысу тиімді.

Құпия ақпарат немесе ерекше жаңалықтар алуыңыз мүмкін. Іскерлік және ақыл-ой әрекетінің кез-келген түрі үшін, ықпалды адамдармен келіссөздер, пікірталастар мен сөз сөйлеу, құжаттармен жұмыс істеу, мәмілелер жасау үшін қолайлы уақыт. Денсаулықты нығайту, медициналық процедуралар, кеңестер алу үшін тамаша кезең.

Шаян

Әріптестермен және серіктестермен жаңа пайдалы байланыстар мен ерекше бұрылыстар орын алуы мүмкін. Туыс-туғандармен әңгіме дүкен құруға қолайлы уақыт, сондай-ақ отбасылық мәселелерді сындарлы талқылауға таптырмас кезең.

Кәсіби міндеттерді орындауда немесе іскерлік өмірде және жеке басқа қатысты мәселелер туындайды.  Дегенмен, тұтастай алғанда қыркүйек сіз үшін өте нәтижелі болады. Мәжбүрлі үнемдеу отбасылық қайшылықтарға әкеліп соғады. Ресми инстанцияларға барған кезде қанағаттанарлық нәтижелерді аласыз.

Арыстан

Түбегейліліктен және талапшылдықтан арылыңыз. Бұл жағдайда сіз қарқынды ойлауға қарамастан ұзақ уақыт бойы шешілмеген мәселелерді шеше аласыз.

Егер сіз өз мақсаттарыңызға ден қоятын болсаңыз, барлығы айқын болуы мүмкін, бірақ, басқа көрініске ие болуы мүмкін. Кез-келген жағдай мен қарым-қатынас үшін қолайлы кезең, бірақ қарсы пікірді де тыңдауға тырысыңыз, серіктес ыңғайлы болатындай етіп әңгіме құрыңыз. Шығармашылық жұмыс үшін қолайлы уақыт, сүйікті адамыңызбен үйлесім табатын уақыт.

Бикеш

Балалармен тіл табысуға, туыстарымен және жақындармен қарым-қатынас жақсарту үшін жақсы мүмкіндік айы. Әлеуметтік және қоғамдық қызметте табысқа жетесіз, тапсырмалар мен жобаларды сәтті аяқтайсыз. Айыңыз оңынан туып, сеніміңіз арта түседі.

Бірақ артық шығындалуға жол бермеңіз. Өйткені үлкен шығындарға ұрынуыңыз мүмкін. Лауазымды тұлғалармен немесе жоғары дәрежелі әлеуметтік қызметкерлермен келіссөздер, сондай-ақ қаржылық операциялар, құқықтық істер үшін қолайлы кезең.

Таразы

Қызметкерлер мен серіктестердің қолдауына ие боласыз, жеке қатынастар айтарлықтай жақсарады. Өзіңізді дамытып, біліктілікті арттыру үшін жақсы кезең. Қоғамдық-саяси өмірге атсалысу мақсатыңызға тез жетуге көмектеседі. 

Қайырымдылық жасап, мұқтаж адамдарға көмектесіңіз. Іссапарларға, жауапты сөз сөйлеуге, мәмілелер, келісімшарттар жасасуға, маңызды құжаттарға қол қоюға, құқықтық формальдылықтарды реттеуге қолайлы уақыт. Шетелдік азаматтармен және фирмалармен әскерлік байланыстар табыс әкеледі.

Сарышаян

Осы кезеңде ерік-жігеріңіз бен тапқырлығыңыз сізге өмірде көп нәрсені өзгертуге және негізгі міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік береді. Осы уақытты жұмыс стилі мен әдістерін, серіктестермен қарым-қатынасты өзгерту, ескірген және қажет емес нәрсені ауыстыру үшін пайдаланыңыз.

Ресми органдарға, мемлекеттік құрылымдарға жүгіну үшін қолайлы уақыт. Бұл кезең отбасылық қарым-қатынасыңызды жақсартуға, махаббатқа бөленуге, күйбең тірліктен арылып, жақсы жақтарға өзгеруге қолайлы.

Мерген

Көптеген негативті факторлар әлсірейді. Түрлі жағдаяттар түбегейлі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ұрысып қалған адаммен тіл табысуға, түсінісуге, жеке және отбасылық қатынастарды анықтауға, сондай-ақ бұрыннан созылып келе жатқан ажырасу процесін бастауға, алименттер туралы мәселені шешуге арналған жақсы кезең.

Іскерлік қатынастарды түзету және қайта қарау үшін қолайлы уақыт. Идеялар мен жоспарлар, сондай-ақ оларды іске асыру перспективалары пайда болады. Жақсы көңіл-күй ақпарат немесе жаңалықтар алудағы кідірістерді бұзуы мүмкін.

Тауешкі

Жағымсыз жаңалықтар, қызметтік мәселелердегі кикілжің, еңбек тәртібін бұзу, көлік проблемалары орын алып, бір айналдырса, шыр айналдыруы мүмкін. Қаражаттың дұрыс бөлінбеу ықтималдығы артады.

Маңызды шешімдер қабылдаудан сақ болыңыз, егер мүмкін болса, шетелге сапарларды, жиналыстар мен қойылымдарды, жарнамалық іс-шараларды кейінге қалдырыңыз. Қазір сенімділік пен жайлылық тек заттар мен эмоциядан бөлек, ең алдымен, дәлдік пен тәртіпке байланысты.  

Суқұйғыш

Барлық салада жаңа деңгейге өту үшін мүмкіндіктер ашылуда. Бұл сабырлылық пен төзімділік және өзіңізді жинақтаудың уақыты. Ұзақ мерзімге кейінге қалдырылған іс сәтті шешілуі мүмкін. Осы ай болашаққа ұзақ мерзімді жобаларды жоспарлау үшін де қолайлы болады.

Осы кезеңде басшылықтан көтермелеу, лауазымын жоғарылату, демеушілер ықыласы, меценаттар табылуын күте аласыз. Ресми инстанцияларға өтініштер сәтті жүзеге асырылуда. Материалдық тұрғыдан белгілі бір прогресс болуы мүмкін, сізге қажет нәрсенің бәрі беріледі.

Балықтар

Айналадағы жағдайды объективті түрде бағалағандықтан, өз қиялыңыздың құрбаны болып кетуіңіз мүмкін. Кейін басқаша сөйлемес үшін сенімді келісімдер жасағанда өте мұқият болу керек. Іскер серіктестердің алдауынан сақ болыңыз, бірақ өзіңіз де адал болыңыз.

Жол шыққанда және көлікте абай болыңыз. Сонымен бірге эстетикалық ләззатқа деген құштарлық, шығармашылық өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыс артады. Жеке қарым-қатынас жақсарады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр