Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстан: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Арыстандар жалқаулығымен және үлкен кеудемсоқтығымен ерекшеленеді. Олар өмір бойы биіктен көрінуге тырысады, алайда ол үшін әрекеттенудің орнына, тағдырдың «сыйын» күткенді жөн көреді. Ал айы оңынан туып, жолы болғанда, оны өмірінде міндетті түрде болуы тиіс нәрсе деп қабылдайды.

Арыстан: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Арыстандар айналасындағыларға менмендіпен биіктен қарайды және өз тарапына айтылған кез келген сынды ауыр қабылдайды. Себебі олар айналасындағы адамдарды өзіне, әрекеттеріне сын айтуға лайық емес ден санайды. 

Әдетте Арыстандардың танысы көп болғанымен, олардың барлығына бірдей іші жылымайды. Олар айналасына пайдасы тиетін адамдарды жиғанды жөн көріп, олардың жеке қасиеттеріне мән бермейді. Жалпы, Арыстандар жіберген қателіктерінен сабақ алуды білмейді. Сонымен қатар жетісткер мен жеңістерге таза өз еңбегімен жеттім деп біледі. Ал сәтсіздіктеріне тағдыр тауқыметін кінәлайды. 

Арыстан белгісінде туылған адамдар материалдық құндылықтарға басымдық беріп, соларды ғана бағалап, ұмтылады. 

Арыстан-ерлер әйелдерге де, жаңа идеяларға да оңай әуестенеді. Олардың менмендігі шексіз, сонымен қатар дұрыс бәсекелестікке қабілетсіз болғандықтан, бақталасымен ашық күресуге ерінгендіктен, бұл жағдайды ушықтыра түседі және күрес алаңынан қашып кетуге тырысады. Дәл осы себепті Арыстандардың балалары көп жағдайда әкесіз өседі. Арыстандар балаларымен олардың анасының назары, көңілі үшін күресуден шаршап, өзгеден жылу іздеп кетеді. 

Әдетте Арыстан-әйелдердің соңынан жүгіретіндер көп және олардың әрбірін жақсы біледі. Олар ерекше белсенді және барлығына үлгеру қабілеті табиғатынан берілген. Айта кетерлігі, аталған жұлдыз белгісінде туылған әйелдер жиі бақуатты адамдарға тұрмсықа шығады. Алайда мәселе есепте емес. Оларға кедей болғанымен, келешегі зор адамға ғашық болғаннан гөрі, аяққа нық тұрған, табысты азаматты сүю жеңіл. 

Арыстан – белсенді жұлдыз белгісі. Ол адамның мінезінен де көрініс табады. Олардың барлығы дерлік – қоғамдық өмірдің ортасында жүретін және оның «қозғалтшықы» болып табылатын экстраверттер. Арыстандар мықты тұлғаларға жақын жүруге тырысқанымен, әлсіздерді барынша қорғайды. 

Жағымды жағдайлар кезінде Арыстандардың күш-қуаты арта түседі. Ал егер «аң патшасы» тағдырдан күткен сыйын ала алмаса, қатыгез, қыңыр әрі енжар бола түседі. 

Арыстандар күшті ерік-жігерге. Олар өз шешімдерінде тәуелсіз, алайда өз пікірінің дұрыстығына сенімділігі жоғары болғандықтан, өзгелердің әрекетіне ықпал етуді қажет деп санайды. 

Арыстандардың эмоцияға берілгіштігі әдетте өзін-өзі ұстай білуі арқылы байқала бермейді. Себебі аталған жұлдыз белгісі өкілдері лайықсыз деп тапқан адамдардың алдында эмоциясын көрсеткісі келмейді. 

Арыстандар айналасындағыларды өзінен ақылды емес деп санағандықтан, көп жағдайда алдау мен сатқындықтың құрбаны болып жатады. Соның салдарынан уайымға салынып, күйзеліске түседі. 

Талқылау
Пікір
Тоха
20 Қаң, 22 жыл - 04:06

Далбасаламаш Арыстандар бұндай емес! Тек қарама-қайшы жазғансыңдар Арыстандардан өштерің қалып кеткенау шамасы😄