Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мерген: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Мергендер өмір бойы ақылы мен тәнінің белсенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан олар – жан-жақты дамыған тұлғалар және үнемі жақсы көңіл-күйде жүреді. Мұндай жандар ашықтықты, ерікіндікті бағалайды, ал кез келген шектеуді ауыр қабылдайды. 

Мерген: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Мейірімділігі, адалдығымен ерекшеленетін Мергендер, өкінішке орай, кей кездері шектен шығып кетеді. Сонымен қатар олар кейде шамадан тыс ашық болып немесе әділдік үшін пайдасыз күресіп, соның нәтижесінде көптеген дұшпан тауып алады. Бір қызығы, Мергендер өзінен гөрі, өзгенің құқығын қорғағанды жақсы көреді. Олар өзін айналасындағылар үшін жауапты сезініп, барыншы қамқор болуға тырысады. 

Мергендердің арасында екі түрлі адамдар кездеседі – барлығын бақытты етуге тырысатын мейірімді идеалистер және кез келген жолмен билікке қол жеткізгісе келетін сараңдар. 

Айтпақшы, Мергендер өз пікірінің ғана дұрыстығына сенімді және әділ сынның өзін қабылдай алмайды,  өзіне жанашырлықпен айтылған кеңестерге құлақ аспайды. Есесіне, олар өзіне ықпал етуге тырыспайтын адамдармен жақсы-қарым қатынаста болуға тырысады. 

Мерген-ерлер әңгімелескенді ұнатады. Олар жан-дүниесіндегі бүлікшіл рухтың себебінен үнемі жасөспірім сияқты көрініп, кейде ашық дөрекілік танытып, бұзақылық жасап, тіпті, жаға жыртысуға дейін барады. Бір жақсысы, Мергендер көп жағдайда күрес алаңынан жеңімпаз болып шығады. Десе де олар күрестен кейін жеңіліс тапқан қарсыласын тыныштандыруға күш-қуатын, уақытын, ақшасын аямайды. Олар қашан да жомарттық танытады. 

Ал Мерген-әйелдер тамаша ана бола алады. Олар мейірімділігімен, отбасы үшін өзін құрбан етуге даярлығымен ерекшеленеді. Мұндай әйелдер балаларын себепсіз жазаламайды, жұбайына опасыздық жасамайды және жақындарын алдамайды. Мерген-әйелдер жек көретін жалғыз нәрсе – ол үй шаруасы. Олар үйде жайлылық орнату үшін барын салғанымен, одан ләззат алмайды. Десе де олар оптимист болғандықтан, мұндай әлсіздігін байқатпауға тырысады.

Мерген – белсенді жұлдыз белгісі. Оны аңғармау мүмкін емес. Мергендер стратег немесе қарайым атқарушы болса да, үнемі әр нәрсеге білек сыбана кірісіп, соңына дейін жеткізеді. Сонымен қатар олар ойланбастан әрі қорқынышсыз тәуекелге бел буады. 

Мергендердің бір кемшілігі – олар бір ғана іспен айналыса алады. Есесіне, бар зейінін соған аударып, күш-жігерін жұмсайды. Олар бір уақытта бірнеше тапсырманы атқара алмайды және олай жасауға ниеттенбейді де. Айта кетерлігі, кейде Мергендер өте жылдам әрекет етеді. Сондықтан мұндай кездерде өз әрекеттері туралы ойлап, салдарын бағамдап үлгермей қалуы мүмкін.  

Сонымен қатар Мерген өзі қолға алған іске әбден сенуі керек. Олар жалпыға ортақ үлгіні басшылыққақ алмайды, оның орнына өзінің бейімділігі мен түсінігін негізге алғанды құп көреді. Сонымен қатар Мергендер кенеттен шешім қабылдап немесе аяқ астынан шешімін өзгертуге қабілетті. 

Мергендердің сақтығын қорқақтықпен шатастырудың қажеті жоқ. Дәл осы жұлдыз белгісінде туылған адамдардың арасында қауіпті мамандық өкілдері мен спорттың қауіпті түрлерін ұнататындар көп. Мергендердің табиғатынан берілген бейімділігі оларға қауіпті жағдайларда жарақаттанудан қашып құтылуға көмектеседі. 

Мергендер зерігіп кетуден қорыққандықтан, өмірін өзгертуге тырысады. Егер бақытты болашақ, әлемдегі әділдік туралы арманына уақытын бөлмесе,өмірін жиі өзгерте алар еді.

Талқылау