Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаян: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Шаян жұлдыз белгісінде туылған адамдар айрықша сезімталдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар олардың ішкі қуаты айтарлықтай күшті. Сондықтан еңсесі түскен уақытта айналасындағылардың да көңіл-күйіне ықпал етіп, өз күйін өгелерге де таратады. Алайда Шаяндарды меланхолик деуге келмейді. Олар күліп-ойнағанды да жақсы көреді және әзілдесе біледі.

Шаяндардың өмірінде биікке самғау мен төменге құлаулар алма-кезек ауысып тұрады. Олар ең жағымды кездердің өзінде кейде кері шегініп, тыныштықта демалғанды құп көреді. 

Шаяндар тектілігімен және ниетінің адалдығымен ерекшеленеді. Алайда бұл қасиеттерін жиі көрсете бермейді. Сондықтан өзгелерге өзін ғана сүйетін менмен болып көрінеді. Шаяндар шынымен де өзі туралы тым жоғары пікірге ие. Оған қоса құрмет пен атақты жақсы көреді және өзін оларға лайық деп санайды.  

Шаяндар отбасындағы тыныштықты жақсы көреді. Жақындарына жомарттық, өзгелеріне сараңдық танытады. Бұл ақшаға ғана емес, оның сезімдеріне де қатысты. 

Шаян-ерлер жайлылықты ұнатады және өзіне қолайлы жағдай жасауға тырысады. Сонымен қатар үнемшіл әрі «қиын күндерге» арнап қор жинауды құп көреді. Сырт көзге мұндай адамдар сараң болып көрінгенімен, олар шығындарын барынша бақылауда ұстауға тырысып, ұзақ мерзімді салымдарды құп көреді. Шаян-ерлер ұсақ-түйек нәрселерге күш-қуатын жұмсай бермейді және барынша талпынып, күш-қуатын сарп ететін сәттері де сирек. Десе де діттеген мақсатына жете біледі. 

Шаян-әйелдер жұмсақ әрі салмақты көрінгенімен, олардың көңіл-күйі айналасындағылардың әрекетін байланысты. Аталған жұлдыз белгісінде туылған әйелдер үшін жақындары мен достарының қолдауы аса маңызды. Олар тамаша ана, адал жар бола біледі. Сонымен қатар «әйелдер достығы» деген ұғым да олар үшін бос сөз емес.

Шаяндар айналасындағыларға шынайы мінезін көрсетпеуге тырысып, сабырлы әрі ұстамды болып көрінгісі келеді. Алайда онысы жиі іске аса бермейді. Себебі Шаяндардың қатты уайымдайтыны сонша, оны жасыру мүмкін емес. 

Шаяндар қызба мінезді емес, десе де мінезі жиі құбылады. Аталған жұлдыз белгісінде туылған жандар нақты себепсіз ренжіп, ашуға бой алдыруы мүмкін. Алайда артынша лезде тынышталып, болған жайтты оңай ұмытып кетеді. Шаяндармен араласқан кезде оның мінез-құлқына Айдың фазалары әсер ететінін есте ұстаған жөн. 

Шаяндар жинағанды жөн санайды, сонымен қатар келешектегі әлденеден үміттенгеннен гөрі, қолында барды құп көреді. Оған қоса олар ақшаны ұқыптап ұстайды. Олар қолға алған ісінің сәтті болатынына сенімді болса да, аз ақша салуды жөн көреді. Осылайша олар шығыннан сақтануға тырысады. 

Шаяндар кекшіл келеді. Алайда кейде сақтығы ашық күресуге кедергі келтіреді. Сонымен қатар аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің дұшпаны аз болады. 

Талқылау