Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тауешкі: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Тауешкі жұлдыз белгісінің өкілдерін өмірдегі тұрақтылығы мен жақсылыққа бастар жолдағы төзімділігі ортақтастырады. Олар өзінің ақылымен мақтанады. Алайда жалқау болмаса, мұндай адамдар өмір бойы зияткерлігін дамытып, оқумен айналысуға барын салады. 

Тауешкі: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Аталған жұлдыз белгісінде туылған жандардың айналасындағылармен тіл табысуы қиын: олар тәкаппар және еркіндікті сүйгіш. Алайда кейде адамдарды өзіне тартып, пікірін дәлелдей алмағандықтан, қатты зардап шегеді. Десе де Тауешкілер саны аз болса да, адал достарының барына қанағат етеді. Сонымен қатар олар өзгеге тәуелді болғанды жек көреді, сондықтан көп жағдайда жалғыздықты құп көреді. 

Тауешкілер көп жағдайда менмен келеді. Десе де олар өзін өзгелерден артықпын деп санамайды, сонымен қатар бойындағы кемшіліктерін іздеп, өмір бойы сонымен күреседі. Оған қоса өзін тиісінше бағаламағаны үшін бүкіл әлемге ренжумен өтеді. 

Аталған жұлдыз белгісі өкілдері сабырлы, ұстамды болып көрінгенімен, олар көбіне көшбасшылық пен билікке ұмтылады. Және онысын байқатып қояды. Егер дәстүр мен адамгершілік ережелерін ұстанбаса, дәл осындай адамдардан қатыгез қинаушылар шығады. 

Тауешкі-ерлер күштілігімен үйлесім тапқан жасқаншақтығымен ерекшеленеді. Мұндай адам өзін мақтағанды, еңбегін мойындап, бағалағанды аңсайды. Алайда бұл туралы ашық айтуға қысылады. Тауешкілер жас шағында ересектерге бағынғанымен, есейе келе жеңіл ойлап, бүлікшіл бола бастайды. Шамамен дәл осы кезде махаббат сезімімен де танысады. 

Тауешкі-әйелдер қызметінде жоғары мансапқа қол жеткізе де, әдетте отбасын артық бағалайды. Егер өзін сүйетін жұбайы, жайлы үйі болмаса, мұндай әйелдер жақсы жалақы мен лауазымды қызметке қанағаттанбайды. Сонымен қатар Тауешкі-әйелдер өз әрекетінің себебі туралы сирек ойланып, «солай болуы керек» деп қабылдайды. Бәлкім, сондықтан болар, олар дөрекілік таныта бермейді. Оларға жасаған оғаш әрекетінің қайталанбауы үшін, қоғамда «бұлай жасау дұрыс емес» деп саналатынын түсіндіру ғана жеткілікті. 

Тауешкілердің күш-қуаты жеткілікті болса да, олар белсенді жұлдыз белгілерінің қатарына кірмейді. Тауешкілер өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дауласудан аулақ. Десе де кез келген жағдайда өз пікірінен танбайды және оның дұрыс екеніне дәлелдер жинап жүреді. Мұндай адамдар дау-дамайға араласқанды ұнатпайды, алайда оны шешу арқылы өзіне пайда табуға тырысады. Тауешкілер сәтсіздіктерге қарамастан, діттеген мақсатына жетуде табандылық танытады. 

Тауешкілер ұстамды әрі эмоцияға берілмейді. Олар қанша уайымдаса да, онысын білдірмеуге тырысады және тек жақын адамдарына сенеді. 

Тауешкілердің дені пессимизмімен ерекшеленеді. Олар өзінің күш-қуатына сенгенімен, өмірінде болып жатқан жағдайлар өз қалауына, мақсатына қайшы деген ойдан арыла алмайды. Сонымен қатар үнемі жолым болмайды деп санайды. Оның себебі де жоқ емес – Тауешкілерге ештеңе оңай келмейді. Есесіне, олар кішігірім жеңісінің өзіне қатты қуана біледі. 

Тауешкілердің бойындағы туа бітті жауаптылық сезімі әлсіздерге қамқор болуға мәжбүрлейді. Десе де Тауешкілер жасаған жақсылығының қайтарымын күтеді. Егер жақсылығы қайтпаса, әлемнің мінсіз емес екеніне кезекті рет көз жеткізеді. 

Талқылау