Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылдың ақпан айына жұлдыз жорамал: Астролог қыстың соңғы айына жұлдыздар не дайындап қойғанын айтты

3-ақпаннан бастап Меркурий Балық белгісіне өтеді және адамдар өз ойына батып, субъективті шындықты қабылдайды, тылсым құпиялар пайда болады, дейді астролог.

жұлдыз жорамал

Бізді ақпан айында көбірек ойлану мен қарым-қатынаста көптеген өзгерістер күтіп тұр.

Бұл кезеңде ішкі дауысты аса мұқият тыңдау керек, логикалық ойлаудан гөрі ішкі түйсікке көбірек құлақ асқан жөн. 8-ақпаннан бастап Венера Балық белгісінен Тоқты белгісіне өтеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста өзгеріс пайда болады. Олар бір-біріне жақын жанға айналып, өз құпияларын ашады немесе адамдар арасы суып кетуі мүмкін.

16-ақпаннан бастап Марс Тауешкі белгісіне кіргенде, қызметке деген құштарлық артады, бірақ әлеуметтік белсенділік болмаса, адамдар өздеріне мәселе ойлап тауып алады. Соның нәтижесінде бір-бірінен алыстайды.

Тоқты

Өткір, тіпті, дөрекі сезімдерге берілгіш. Ең жақсы энергия көзін шығармашылықта немесе спортта таба аласыз. Симпатия мен антипатия бірден пайда болады. Бұл сезімдер әр түрлі болуы мүмкін: бір көргеннен ғашық болып, махаббат сезімі күтпеген жерден бұрқ етіп лаулап кетуі мүмкін. Стратегиялық жоспарлар құруға, өз мүмкіндіктерін мұқият бағалауға, тиімді іс-әрекеттерді есептеуге қабілетті. Егер нақты берілген мақсат болса, онда сізді ештеңе тоқтата алмайды.

Торпақ

Осы кезеңде өзіңізді ең тиімді жағынан көрсетесіз. Өз мүмкіндіктеріңізді, қасиеттеріңізді бағалағанына қатты мұқтаж болып жүресіз. Әйелдер жағы ел назары өзіне аумағанына ренжіп жүруі мүмкін, бірақ жаңа таныстықтар мен қарым-қатынастың келесі сатысына өтуіне себепші бола алады. Бұл уақытта ақша импульсивті тұрде жаратып отырасыз және қажетсіз заттарға емес, қазіргі уақытта не ұнап жүр соларға жаратасыз. Осы кезеңнің негативі шамадан тыс эмоциялық сезімталдық, агрессивті жайттар, қызғаныш, бітпейтін керек емес күтімдер.  

Егіздер

Қыстың соңғы айында өткен-кеткен оқиғалар туралы, өзінің немесе жұрттың іс-әрекетін талдап, сараптама жасау арқылы көп ойға беріледі. Кейбір болмашы хабардың өзі санаңыздан көпке дейін шықпай жүріп алуы мүмкін және сіз оны ұзақ уақыт бойы ойлап, терең мағынасын табуға ұмтыласыз. Мұндай ой шырмауына түсу  көбінесе жұмыс істеуге көп кедергі келтіруі мүмкін. Осы кезеңде сіз барынша әсерленгіш болып кетесіз.  

Шаян

Өзіңізді басқару қиындап, энергияңыз бен мүмкіндіктеріңізді аса бағалау сынды қиындықтарға ұшырауыңыз мүмікн. Егер сізді қоршаған адамдарға жоғары талаптар қоятын болсаңыз, олардың ықыласы мен құрметін жоғалтып аласыз. Негізсіз қызғаныш пен билік сүйгіштік қасыңыдағы серігіңізбен жанжалдасуыға әкелуі мүмкін. Тәуекелге бел буып жасаған асығыс шешімнің соңы шығынға әкелуі мүмкін. Осының кесірінен айналаңыздың сенімінен айрылып, жұмыстан босатып жіберуі бек мүмкін.

Арыстан

Табысты және сұранысқа ие, сіздің қоғамдық қызметіңіз қызықты өтеді, қызметкерлер мен компаньондардың ынтасын арттыруға қабілеттісіз. Тартымды түр тұлғаңыз бен физикалық сымбатыңыздың арқасында сізге көп жерде көмегін беретін болады. Сіз басшылық, ықпалды тұлғалар мен демеушілер, әсіресе қарама-қарсы жыныстың өкілдері тарапынан өз жобаңызға материалды қолдау ала аласыз. Өзіңізге пайда әкелетін келіссөздерді сәтті әрі ың-шыңсыз жасайсыз.

Бикеш

Ақыл-ой еңбегі үшін бұл кезең өте қолайсыз. Жанжалдар көбейіп, пікір келіспеушілігі, қарым-қатынастағы қиындықтар, өз мүддеңіз бен көзқарасыңызды білдіре алмау - жақын адамдар мен әріптестер арасындағы байланысты орнатуға кедергі келтіреді. Бірақ өзіңізді кешіре алатын болсаңыз, туған-туыстарыңызбен, әріптестеріңізбен және басшылықпен жақындасуға мүмкіндік туады. Мемлекеттік мекемелерге баруды кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн.

Таразы

Сіз аса құмарлықпен қарама-қарсы жыныс өкілдеріне жоғары қызығушылық танытасыз. Оларға үлкен ерік-жігермен, ықыласпен және зор энергиямен қарайсыз, бірақ көбінесе жеке пайдаңызды жүзеге асыруды мақсат етесіз. Ал осының салдарынан серіктестермен қарым-қатынас күрделене түседі. Махаббатта әртүрлі себептерге байланысты көп шиеленіс болады. Осы кезеңде, сіз басқа адамдарды нашар түсінесіз, және бір көргеннен ғашық болуыңыз мүмкін. Осының кесірінен серігіңізді табу қиындай түседі.

Сарышаян

Сіз ел назарының ортасында боласыз. Өзіңізге сенімділік артып, ерік-жігеріңіз, бастаған ісіңізді жүзеге асыру қабілеті, сондай-ақ ақыл-ой қабілетіңіз жақсы жұмыс істей бастайды. Кедергілерден өту оңайырақ болады, ал жалпы мақсатшылдыққа салынып кетпеңіз. Өзіңізді стресстік жағдайларға жеткізбеңіз. Сізді табыс ұзақ күте алмайтынын ескеріп, өзіңізді қолға алыңыз. Қарым-қатынаста, некеде өзіңзді жақсы етіп көрсету оң өзгерістерге әкелмейтінін жадыңызда ұстаңыз. 

Мерген

Орасан зор жоспарлар өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс қолдануға мүкіндік бермейді. Жеңіл ойдан, алдамшы перспективалар пайда болады, бұл шығындарға әкелуі мүмкін. Жеңіл ойлау айналаңыздағы адамдармен жанжалдасуға әкеледі. Қоғамдық қызметтегі кедергілер немесе оған байланысты жауапкершілік пен міндеттемелердің арқаңызда жүгі болуы мүмкін. Өзіңізді қолға алған жағдайда ғана кері кетіп тұрған істің қиюын келтіре алуыңыз мүмкін.

Тауешкі

Осы айда белсенді болыңыз. Өзіңізге деген сендімділіктен қызыққан істерді соңына дейін апарасыз. Егер сіз бірдеңені жүзеге асыруға бел бумаған болсаңыз, осы кезеңді пайдаланыңыз. Осы кезеңде кез келген қауіпті жағдайларға араласуға, ойланбастан іс-әрекеттер жасауға, асығыс шешім қабылдауға бейім боласыз. Істі жүргізген кезде қаржы амбициясына бейімділікке назар аудару керек. Қарсыласыңыздың мысы сізді басып, махаббатта да, жұмыста да жеңіп кетуі мүмкін. Тым адал болу мен кемелдікке ұмтылу көп нәрсеге кедергі келтіруі мүмкін.  

Суқұйғыш

Көшбасшы немесе басқару орынан көрінуге мүмкіндік болады. Дәл қазіргі бар мүмкіндігіңізді пайдаланып, табыс пен лауазымыңыздың өсуі үшін істеу керек болған істі қолға алатын уақыт жетті. Табыс белсенді жұмыс жасап, тез шешім қабылдайтын адамдарға тән. Сізге өзіңізбен жұмыс жасап, әр түрлі қызметте өзіңізді сынап көріңіз. Өзіңіз армандап жүрген нәтижеге жету үшін қарым-қатынас шеңберін кеңейту қажет.

Балықтар 

Өзіңізді жоғары бағалау мен  ерік-жігеріңіз сізді ең позитивті жаққа  ынталандырады. Осы кезең қарым-қатынас және саяхат жеке мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сіздің өмір салтыңыз табысты сақтап қалатын идеяларыңызға сай келеді. Зияткерлік қабілетіңіз бен өзіңізді танытуға ден қою сізді өзгелерден ерекшелеп тұрады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты

Коронавирус Қазақстанға жетуі ғажап емес - ДСМ

Біртанов қытайлық індеттің дүниежүзіне жылдам тарап кеткенін атап өтті

Біртанов: Қазақстанда жылына 1500 жасөспірім қыз аборт жасатады

Елімізде бес мыңға жуық жасөсіпірім қыз жыл сайын жүкті болады екен
Çàãðóçêà...