2008 жылы теракт жасаған 38 адам өлім жазасына кесілді
Үндістанның Арнайы соты 2008 жылы Ахмедабадтағы жарылысқа қатысты 38 айыпталушыны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Лаңкестер Гуджарат штатындағы ең ірі қаланың тұрғын аудандарында бір сағаттың ішінде 20-ға жуық бомбаны жарып жіберген.
Қалада 2008 жылдың 26 шілдесінде кешкі сағат 18:45 шамасында жарылыстар басталды, олар бір сағат бойы қаланың әртүрлі бөліктерін қиратқан. 14 түрлі жерде барлығы 21 бомба жарылып, 57 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланды.
Ахмедабадтағы тұрғын аудандарға, базарларға, қоғамдық көліктерге және ауруханаларға бомбалар қойылды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен