Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2000 доллар жинаған": Нұрлан имам TikTok желісінде ойламаған жерден табысқа кенелді

Белгілі дінтанушы имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы TikTок әлеуметтік желісі арқылы алғашқы табысын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Желі арқылы қаражат табуға болатынын имамға танымал мобилограф Қыран Талапбек айтқан. 

“Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр”, – деп айтты мобилограф.



Ойламаған жерден көп ақшаға кенелген дінтанушы оқырмандарын қуантты. 

“Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра жолдамасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын…”, – деді имам-блогер. 

Еске салайық, Нұрлан имамның жасы үлкен қыздарға үйлену туралы кеңесі желіні шулатқан еді. 

 

Талқылау