Блогерлерге исламды қабылдағаны үшін ай сайын 9 миллион теңге беретінін айтқан – Камаладдин
"Qamaladin Media" агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Камаладдин қазақ блогерлеріне мұсылмандықты насихаттағаны үшін ақша ұсынылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Арман Абдоллаға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кадрдан алынған скриншот
Айтуынша, белгілі бір адамдар тобы кей блогерлерге келіп діни контент жасауды ұсынған.
“Кейбір блогерлерге ай сайын діни өмір салтын көрсету және сол арқылы исламды шынайы қабылдау ұсынылады”, – деді Камаладдин.
- Нұрлан имам бастаған дін өкілдері мәһрді мазақ қылған жастарға ескерту жасады
- Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті бүркемелейтін киім киюге шектеу қою мәселесі талқыланып жатыр
Ол үшін блогерлерге ай сайын 10-20 мың доллар төлеп тұруға уәде берген.
Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан дәстүрлі қазақы исламды жақтайтынын айтып, блогерлерге оранғаны үшін ақша беріледі деген еді. Кейінірек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Дүйсенбай Кенжетай бұл ақпаратқа пікір білдіріп, оны жоққа шығарды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"