"200 мың керек": Алаяқтар әнші Дильназ Ахмадиеваның атынан ақша сұраған
Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева алаяқтар оның атынан WhatsApp арқылы ақша сұрап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dilnaz_akhmadieva Instagram-парақша
Өнер иесі оқырманын сақ болуға шақырып, алаяқтардың хаттарын жариялады. Қаскөйлер ақша алу үшін оның фотосы мен аты-жөнін пайдаланған.
- "Шоу-бизнесте алаяқ жүр": Ән аламыз деген белгілі қазақстандық әншілер алданып қалғандарын мәлімдеді
Алаяқтар Ахмадиеваның атынан оның достары мен таныстарына оның тез арада шетелге 200 мың теңге көлемінде ақша аудару керек екенін, бір сағатта қайтаратынын жазады. Әрі сенімді болсын деп жиналыстамын деп айтқан.
"Құрметті достар, бұл мен емес, алаяқтар. Есіңізде болсын, мен ешқашан мұндай өтініштер жасамаймын", – деді әнші.
Бұған дейін әнші Дильназ Ахмадиеваның көпшілікке сүйіктісін көрсеткенін жаздық.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген