"Меломен" тобының әншісі қызына ән арнап, жылатып қойды
“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзахановтың “Қызыма” атты әні әлеуметтік желіні шарлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі күннен бері Тик-ток желісінің трендіне айналған бейнежазба туралы әншінің өзі пікір білдірді.
“Қызым Хадишаға арнап шығарған ән болатын. Өзімнің “жекеменшік” қызым. Спортқа өте жақын. Теннис ойнағанды жақсы көреді. Кешеден бері екеуімізге арналған 20 мыңдай тілек пен жарты миллионға жуық қаралымға рақмет. Ән әлі жарыққа шықпады. Қайырмасын қызыма тыңдатып едім, жылап қалды. Өзім де күтпедім. Қызымның жүрегі нәзік”, – дейді әншінің өзі.
Әншінің оқырмандарымен қатар, өнердегі әріптестері де жылы лебіз білдіріп, әнді жарыққа тез шығаруын талап етіп жатыр.
@kairat_myrzahanov Бұл болады деп күтпедім 🥲 Қыздарымыз аман болсын!!!#қызғалдағым #қызым #хадиша #қайратқызыхадиша #қайрат #қайратмырзахан ♬ оригинальный звук - Кайрат
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген