Геннадий Головкин президенттің қабылдауында болды
Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Аkorda.kz
"20-25 миллион теңге айлық алады" деп айыпталған Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж олимпиадасының алдында мемлекет басшысының қабылдауында болды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.
Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.
Айта кетейік, биыл ақпан айының соңында әлемге әйгілі қазақ боксшысы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне кіріскен еді.